Тоқаев Орталық Азия елдеріне үндеу жолдады

Шолпан -Атада (Қырғызстан) Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV-ші консультативтік кездесуі өтуде.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің көлік байланысын арттырып, транзиттік жағдайды дәйекті түрде жақсарту қажеттігін атап өтті.

Орталық Азияның географиялық орны ерекше. Жаңа геосаяси болмысымыз  трансконтиненталдық сауданы дамытуға ыңғайлы. Осы жағдайда Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын белсенді дамытуда.

2017 жылдан осы бағытта контейнерлерді тасымалдау үш есе артты – 25 мыңға дейін.  Сонымен қатар, Қазақстан Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар теміржолының құрылысына қатысуға дайын,

деді мемлекет басшысы.

Атап айтқанда, Қазақстан теміржол жолдарының жоғарғы құрылымын материалдармен  және жылжымалы құраммен үздіксіз қамтамасыз ете алады.

Біз өз тарапымыздан әріптестерімізді Шығыс Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы ең қысқа жол Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолын белсендірек пайдалануға шақырамыз,

деп атап өтті Тоқаев.

Қазақстан Президентінің жуырдағы Иранға сапары барысында Түркіменстан мен Иран аумағы арқылы Қазақстаннан Түркияға алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты. Бұл жаңа логистикалық шешім небәрі 12 күнде алты мың шақырымнан астам жол жүруге мүмкіндік береді. Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінің нарықтарына шығуды Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары қамтамасыз ете алады.

Түркіменбашы портының инфрақұрылымын сәтті дамытып жатқан Түркіменстанның да осы бағытты ұстанатынына сенімдімін. Бұл ретте елдеріміз өзара көлік коммуникациясын дамытуды назардан тыс қалдырмауы керек. Біз қазір Өзбекстанмен белсенді ынтымақтастықтамыз . «Дарбаза – Мақтарал» теміржол желісінің іске қосылуы өткізу қабілетін екі есеге арттырып, жүктерді тасымалдау уақытын 1,5 есеге қысқартады,

деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Түркіменбашы – Қарабогаз – Қазақстан шекарасы» жаңа тас жолының құрылысы да қолдау тапты. 2025 жылдан бастап автожолдың Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы учаскесін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Осы бағыттағы іс-шараларды үйлестіру қазақстандық көлік-логистикалық жобалардың қарқынын айтарлықтай арттырар еді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago