Хакерлер WhatsApp қолданушыларының жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін. Осылай деп «ВКонтакте» мен Telegram-ның негізін салушы Павел Дуров мәлімдеме жасады.
Оның ескертуіне құлақ түрсек, хакерлерге адамдардың WhatsApp-тағы мәліметтерін алу оп-оңай. Сондықтан ол көпшілікке атылмыш мессенджерді өшіруге кеңес берді.
Дуров Telegram каналында WhatsApp хакерлерге қолданушылардың телефонындағы барлық дерегін алуға мүмкіндік беріп отырғанын хабарлады.
Хакер телефоныңызға кіру үшін сізге зиян келтіретін видео жіберсе немесе WhatsApp арқылы видео қоңырау шалса, мұның өзі жеке деректеріңізді алуға жетіп жатыр. Біз жыл сайын WhatsApp-та пайдаланушылардың барлық құрылғыларына қауіп төндіретін қандай да бір мәселе туралы зерттеп, біліп отырамыз. Бұл «оның қауіпсіздік жүйесінде үлкен қауіп бар» дегенді білдіреді. Мұндай проблемалар кездейсоқ пайда болмайды, яғни, мессенджерде о бастан қауіп болған. Сондықтан мен WhatsApp-ты бірнеше жыл бұрын телефонымнан өшіріп тастадым. Оны орнату – хакерлерлерге телефоныңызға кіру үшін «есік ашып беру,
деді Дуров.
Ал хакерлер WhatsApp қосымшасы орнатылған барлық телефондарға бағдарламаның соңғы жаңартуы орнатылғаннан кейін шабуыл жасайтын көрінеді.
Еске салсақ, 2016 жылға дейін мессенджерде шифрлау мүлдем болмаған, 2017 жылдан бастап WhatsApp-та қауіпсіздікке қатысты мәселе туындағаннан бері бұл тақырып жиі талқыланып келеді.