Мемлекет басшысы мен премьер-министр Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша ынтымақтастықты талқылады.
Қазақстан – Орталық Азияның негізгі логистикалық хабы. Осы тақырып аясында Тоқаев біздің нарықты көрші Қытайға тікелей шығатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынып отыр. Аймақ елдері арасындағы байланыстарды нығайтуда Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңызы зор.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Гарибашвилиге ілтипат білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, күш-жігерді бірлесе жұмылдырудың маңыздылығына тоқталды:
Сіздің сапарыңыз табысты болады деп үміттенемін. Сапарыңыздың бағдарламасы өте тығыз екенін, Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретін бірқатар кездесу жоспарланғанын білемін. Бізді достық және көпжақты ынтымақтастықтың берік арқауы байланыстыратынын айтқым келеді. Біздің міндетіміз – осы достық қарым-қатынастарды жалғастыру және одан әрі дамыту,
деді Президент.
Грузия премьері екіжақты қатынастарды дамытуға, барлық сала бойынша байланыстарды кеңейтуге дайын екендігін жеткізді. Айта кету керек, елдер арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта бұл бағыттағы көрсеткіш 150 пайызға өскен.