Categories: Шолу

Жаңа айыппұл және тәуелді жастар. 26 шілде.

Әлеуметтік желіде орташа жылдамдықты бұзғаны үшін айыппұл қарастырылғаны туралы жаңалық қызу талқыға түсті. Сондай-ақ ресей рублін экспорттауға рұқсат беру мен жеке сот қызметкерлеріне төнген қауіп туралы әлеуметтік желі айдарында.

Президент Асқар Мамин мен индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-министрі Бейбіт Атамқұловты шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарып тастады. Халық алдында ең жексұрын тұлғалардың біріне айналған бұрынғы үкімет басшысының кетуі көпшілікке позитивті көңіл-күй сыйлады.

Жексенбі күні сайлау туралы заңға түзетулерге қарсы жалғыз өзі ереуіл ұйымдастырған  Алматы тұрғынының әкімшілік соты оппозициялық ортада ең танымал жаңалықтардың біріне айналды. Тұтқынға алу және 153 мың теңге көлемінде айыппұл салу «ескі Қазақстан» рухындағы жазалау ретінде қабылданды.

Үкімет екінші деңгейлі банктерге ресей рублін экспорттауға рұқсат берді. Желі қолданушыларына жаңалық ұнады. Өйткені қазіргі бағамның жағдайы көпшілікке мәлім, бұл мәселенің ел экономикасына кері әсерін тигізетінін олар да жақсы біліп отыр.

Трамптың бұрынғы көмекшісі Феликс Саттер Қазақстанмен 440 млн доллар үшін соттасудан бас тартты. Көпшіліктің ойынша, бұл  Мұхтар Әбілязов елден шығарған ақшамен байланысты. Комментаторлар қашқын банкирдің одан арғы іс-әрекеті мен оны экстрадициялауы туралы өз болжамдарын құрып отыр.

Ішкі істер министрлігінің қала сыртындағы жолдарда орташа жылдамдықты бұзғаны үшін айыппұл енгізуі әр түрлі пікірлер тудырды. Аудиторияның бір бөлігі жаңа түзету жол қауіпсіздігі үшін жасалған дұрыс қадам ретінде қабылдаса, қалғандары бұл жолдағы кептеліс пен сапар уақытының ұзаруына әкелетініне шағымдануда.

Қостанай облысында зираттардан түрлі-түсті металл ұрлаған бұзықшылар ұсталды. Бұрын аталмыш жаңалықтар ел арасында үлкен жанжал тудыратын.

Алматыда жергілікті тұрғын жеке сот орындаушылары оны шығарып тастауға тырысса, үйін өртеп жіберемін деп қорқытты. Бұл жағдай Украинаның оңтүстік-шығысында орын алған қайғылы оқиғаны еске салды. Үйін босатуға мәжбүр болған борышкер Игорь Дужнов кейіннен заңсыз әскери құрылымдардың қатысушысы ретінде бес адамды өлтірген.

Медиа және әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы тұрғындарының ел билігіне жергілікті лото-клубты жабу туралы өтініші таралып жатыр. Олардың пікірінше, бұл ойынға тәуелділік жастарды бүкіл тапқан табысын сонда қалдыруға итермелейді. Жарияланымдарда  мекеме  «букмекерлік кеңсе» деп қате белгіленген. Ақпарат жалған болып шығуы да мүмкін.  

Кешегі Президенттің кіші қажылық жасағаны туралы жаңалық мемлекет басшысын жақтағандар мен оппозициялық қауым арасында талқылануда.

Болат Назарбаевтың үйінен «Экспресс К» басылымының репортажы кең таралды.  Онда оның ауыр халде екені анық көрсетілген. Желі қолданушыларының басым бөлігі бұны театр қойылымына теңеді. Осылайша қудалаудан жалтарып, көпшіліктің аяу сезімін оятуға тырысу әдісі деседі. Қалғандары айыпталушыға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago