Қызылорда облысының бұрынғы әкімі бостандыққа шықты

Ол алаяқтық жасағаны үшін 2020 жылы 7 жылға сотталған еді.

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов бостандыққа шықты. Сот оны 2020 жылғы желтоқсанда алаяқтық жасады және қоғамдық қордағы 80 млн теңгені жымқырды деген үкім шығарған еді. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Дегенмен кейін Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулысымен бұл мерзім 6 жылға дейін қысқартылды. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер жазаның өтелмеген бөлігін айыппұл немесе бас бостандығын шектеу сияқты неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыруды сұрады.

ЗК-169/5 мекемесінің өкілі сотталушыға берілген мінездемені қолдап, оның жазаны өтеу кезінде белгіленген тәртіп пен режим талаптарын бұзбағанын, оған екі марапаттау шарасы қолданылғанын, жазалау шарасы болмағанын айтты. Ол жеңілдетілген жағдайда ұсталды, мүлік шығыны мен процессуалдық шығынды толық өтеді. Жәбірленуші өкілі де жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішке қарсылық білдірген жоқ,

деп хабарлады Қызылорданың №2 соты баспасөз қызметі.

Нәтижесінде Қуанышбек Ысқақовтың өтініші қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілдеу жаза — жазаның қосымша түрін өтеуден босатылмай, 3 жыл 11 ай 12 тәулік мерзімге бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Облыстық соттың хабарлауынша, сотталушы шартты түрде мерзімінен босату бойынша бостандыққа шықты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago