Студенттердің стипендиясы көбейді

13 қазаннан бастап ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды.

Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық.

Интерндерге 66 403 теңге, магистранттарға 86 987 теңге төленеді.

«Назарбаев Университетінің» магистранттарына 162 500 теңге беріледі, бұрын 143 750 теңге болатын.

Докторанттар мен «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 500 теңге еді, ал «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге (88 494 теңге болды) төленеді.

Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago