Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Ғылым > Суды наносекундта дезинфекциялау әдісі табылды
Ғылым

Суды наносекундта дезинфекциялау әдісі табылды

Фариза Сагындыкова
Фариза Сагындыкова 01.03.2023
Обновлено 01.03.2023 в 03:03
Поделиться
Поделиться

Адамға су қажет. Кейде көп мөлшерде. Ауыз су жалпы өмір сүруге керек және ол денсаулық үшін аса маңызды.

Мазмұны
Суды зарядтауМикробтарға арналған «электрлі орындық»

Сонымен қатар БҰҰ-ның деректері бойынша жер шарының жартысына жуығы су тапшылығынан зардап шегуде. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде 780 миллионнан астам адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр, ал 1,7 миллиард адам тұщы суға зәру. Жыл сайын таза судың жоқтығынан және антисанитариялық жағдайлардың кесірінен мыңдаған адам көз жұмады. Олардың көбі – балалар.

Ауыз судың денсаулық үшін маңызды екені сөзсіз, алайда суды дезинфекциялаудың дәстүрлі әдістері көп уақытта экологиялық проблемалар тудырып жатады. Мысалы, хлор – арзан әрі қоғамдық су жүйелерінде пайдалану оңай, алайда өндірісте қауіпті және апат кезінде өлімге әкелуі мүмкін.

Суды зарядтау

Джорджия технологиялық институтының зерттеушілері суды дезинфекциялау үшін электр қуатының аз мөлшерін пайдалану әдісін тапты. Технология арзан, қауіпсіз, қоршаған ортаға әсері жоқ, электр желісіне біріктірілуі немесе батареямен жұмыс істеуі мүмкін.

Кәдімгі электр өрісімен өңдеу (CEFT) тағамдарды пастерлеу үшін қолданылады, бірақ ол қымбат болғандықтан ауыз суды дезинфекциялау үшін пайдаланылмайды.

Мәселе мынада: су мен бактериялар электр қуатының әсеріне ұшыраған кезде бактериялардың жасушалық мембранасы тізбектегі конденсатор қызметін атқарады. Әдетте, судың төмен өткізгіштігіне байланысты электр өрісімен өңдеу кезінде қысқа мерзімді импульстар мембрананы бактерияларды өлтіретіндей жылдамдықта зарядтамайды.

Американдық ғалымдар электр энергиясын тікелей бактерияларға жеткізетін жергілікті күшейтілген электр өрісін (LEEFT) жасады. Электродтардың алтын наноұштары бар, олар электр қуатына қосыла салысымен бірден концентрацияланған зарядтар пайда болады, бұл олардың мембранаға қарай жылжуына және бактерияларды тезірек өлтіруіне мүмкіндік береді.

Микробтарға арналған «электрлі орындық»

Технологияны тексеру үшін мамандар электродтың шетінде алтын наносыналары бар арнайы чип жасап, оған су жүйелерінде жиі кездесетін Staphylococcus бактерияларын қосты. Содан кейін олар электрлік импульстарды іске қосып, микроскоп арқылы нақты уақыт режимінде бактериялардың реакциясын бақылады.

200 наносекунд ішінде бір сантиметрге 40 киловольт электр қуатын беру кезінде наносыналардың 95%-ы барлық бактерияларды сәтті өлтірді. Кәдімгі электр өрісін өңдеумен салыстырғанда, LEEFT қолданылатын электр өрісінің кернеуін сегіз есе азайтады және дезинфекция уақытын миллион есе қысқартады.

Ғалымдардың айтуынша, тек наносекундтық импульстар арқылы бактериялардың осылайша тез арада  жойылуы күтпеген жағдай болды. Теориялық тұрғыдан алғанда, мұндай импульстар әдеттегі электр өрісімен өңдеу кезінде бактерияларды өлтіру үшін тым қысқа, ал мембрананы зарядтауға уақыт қажет. Бірақ наносыналар мен LEEFT жасушаларының құрылымдарымен бактериялар тікелей металл арқылы зарядталып, суды тез дезинфекциялай алады.

Бактериялардың көзді ашып жұмғанша жойылуы суды дезинфекциялауға қажетті электр энергиясының мөлшерін азайтады, сол себепті бұл ең қолжетімді әдіс болып табылады. Болашақта мұндай технология кеңінен таралуы әбден мүмкін, ал оның арқасында таза су өндірісі қоршаған ортаға аз зиян келтіруі мүмкін.

Фариза Сагындыкова 01.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымРуханият

Білікті маман жауапты қызметке тағайындалды

15.04.2024
ҚоғамҒылым

TikTok Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнежазбаны өшірді

27.03.2024
ҒылымҚоғам

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды 

15.03.2024
ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?