Фото: ашық дереккөзден
Әлкей Марғұлан атындағы ауылдың әкімі Бауыржан Бозтаев жұмыста ішімдік ішкені үшін қызметінен босатылуы мүмкін.
Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов мәлім етті.
Оның сөзінше, Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас халде болғаны туралы мәліметті ауыл тұрғыны қалалық әкімдік төрағасының сенім телефоны арқылы жеткізген.
Әкім ішімдік ішкенін жасырмаған, себебін де түсіндіріпті. Айтуынша, 15 наурызда академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылды су басу қаупі төнген. Шаруа қожалықтарымен бірге бірнеше сағат бойы суды бұру жұмыстарына қатысқан ол суық тиіп, «ем үшін» ішімдік ішкен.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бірауыздан Екібастұз қаласының әкіміне Бауыржан Бозтаевты қызметінен босатуды ұсынды. Айта кетсек, ол бұл қызметке биыл 30 қаңтарда келген.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…