Categories: Білім

«Сынға шыдамады»: Назарбаев университетінің президенті қызметінен кететін болды

Назарбаев университеті биыл 15 маусымнан бастап ЖОО президенті Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады.

13 жылға жуық қызмет атқарғаннан кейін президент Катсу лауазымынан кету туралы шешім қабылдады.

ЖОО президенті қызметінен кеткеннен кейін Шигео Катсу Назарбаев университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде университеттің дамуына үлесін қосады. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі және жоғары қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде қызметін жалғастырады.

Жуырда Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Назарбаев универсиетіне қомақты қаржы бөлінгенін, бірақ Қазақстан ғылымында айтарлықтай жетістік жоғын айтып сынға алған болатын.

«15 жылда біз Назарбаев университетіне барлық жағдайды жасадық, қаржыны төктік. Зертхананы соларға бердік, статусын күшейттік. Оларды ешкім тексермеді. Бәрін бердік, алайда нәтиже жоқ. 2020 жылы (жоғары оқу орнына) 7 млрд 600 млн теңге, 2021 жылы – 7 млрд 21 млн теңге, 2022 жылы 2 млрд 154 млн теңге бөлінген. Бұл қомақты қаржы ғой. Алайда нәтиже қандай екені белгісіз. Мысалы, олар бір жылда 15 патент қана алған.

Барлық университеттің аузынан жырып алып, бәрін осыған (Назарбаев университетіне) бердік. Бірақ олардың басқа жоғары оқу орындарымен байланыс жасағанын естімедік. Халықаралық төрт бірдей рейтингті көрдім. Назарбаев университеті ешбірінде жоқ…. Бөлінген қаржы қайда кетті?», — деді депутат.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago