Categories: Галерея

Сыныптастары «кәуапшы» деп кемсітетін: Қытайда үздік актриса атанған қазақ қызы туралы не белгілі?

Риза Әлімжанқызы Қытайда Flying Apsaras Awards марапатына ие болды. Бұл – Қытайдағы ең беделді сыйлық. Биыл 33-ші рет ұйымдастырылған іс-шарада қазақ қызы кедейлікпен күреске бағыттылған сериалдағы рөлі үшін марапатталды.

Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал.

Бейжіңге жол

Kazakcnr.com мәліметінше, Риза 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлімжан Нұрғазыұлы мен анасы Зайымхан Бейжің қаласындағы орталық ұлттар баспасының қазақ редакциясында жұмыс істейді. Олар 1970 жылдары Шыңжаннан Бейжіңге студент болып барып, жұмыс істеп, қоныстанып қалған екен.

Риза Бейжіңде алғаш мектепке барғанда сыныптастары түр-сипаты өздерінен өзгеше, ерекше балаға жатырқай қарап, Шыңжан өлкесінен келгенін біліп, «кәуапшы» (шашылық пісіруші) деп ат қойған. Мұны түсіне алмаған Риза анасынан себебін сұрағанда, анасы «балам, тек оқуыңды жақсы оқы, білімді, жақсы бала болсаң, елдің барлығы саған құрметпен қарайтын болады» дейді. Бұл сөз оның жігерін жанып, жан-жақты талаптануына оң әсерін тигізген.

Мансабын модель болудан бастаған

Риза ән айтуға, кітап оқуға ынталы болуымен бірге, мектепте сабағын да үздік оқыған. Ол 15 жасында модельдік әлемге кездейсоқ қадам басып, танымал «Ruili» сән журналы ұйымдастырған байқауға қатысып жүлдегер атанады. Осылайша Риза «Ruili» журналының тарихындағы мұқабасына суреті басылған ең жас модель болумен бірге, 3 жыл осы басылымда келісімшартпен жұмыс істейді. Әйтседе, Риза модель болудан көрі актриса болуға ынталы болып, 2002 жылы Бейжің кино академиясының актерлік факультетіне оқуға түседі.

Ол кәсіби білім алып, оқуын аяқтаған соң «Картаңызды ашыңыз» фильміне түсіп, кино индустриясындағы тұңғыш өнер сапарын бастайды. Осыдан кейін таланытты қандасымыз аудиториясы үлкен Қытайдың кино индустриясына құлаш ұрып, өз қолтаңбасымен көрермен ықыласына бөленген көптеген фильмдерге түседі. Ол комедиялық «Суайттар шайқасы» киносында, патша ордасындағы қырықпышақ болып қырылысып жататын күндес ханымдар туралы «Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі» телехикаясында, бүгінгі қала өміріндегі махаббат тақырыбы арқау болған «Махаббат па, оған мен дайын» телефильмінде және «Махаббат бұйрықтан аса алмайды», «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know»), «Шындық айтылмайтын аймақ», «Қарлы даладағы әйел патша», «Қуғындау» секілді көптеген фильмде рөлін сәтті сомдап шығады.

Миллиондар мойындаған

Риза 2017 жылы «Қуғындау» филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде «БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса» номинациясында марапатталады. Ал, 2019 жылы «Чаңандағы бір тәулік» атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең «үздік актриса» атанады.

Сондай-ақ, Ризаның 2020 жылы түскен «Тау-теңіздей махаббат» фильмі 2021 жылдың қаңтар айында көрерменге жол тартып, халықтың жақсы бағасына ие болды. «Ал, Риза соңғы қуанышты жаңалығын көпшілікпен Weibo желісінде бөлісіп, өзінің ана атанып, қызы дүниеге келгенін жариялады» деп жазады аталған БАҚ.

Ал биыл Minning Town телехикаясындағы ойыны үшін Қытайдың беделді марапатын жеңіп, «Үздік актриса» атанды. Сериалдағы оқиғалар 1966 жылы партияның Орталық Комитеті Қытай ауылдарында кедейлікке қарсы стратегиялық жоспар құрған кезде өрбиді.

Осылайша, ауылдардың біріне Фудзянь провинциясының мамандары тұрғындарды саңырауқұлақ өсіруге үйрету үшін келеді. Ауылдың келбеті осы жерді дамытуға бар күшін салатын басты кейіпкерлермен бірге өзгереді.

IMDb-дегі сериалдың рейтингі 10 мүмкін ұпайдың 8,5-ін құрайды, сонымен қатар сериал 23 номинацияның 8-ін жеңіп алды. «Үздік актриса» номинациясы Риза Әлімжанға берілді. Ол әкесіне қарсы шығып, жаңа өмірге қадам басқан батыл қыз Ли Шуйхуаның рөлін сомдайды.

Minning town телехикаясынан кадр
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

6 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

6 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago