Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Сырты ханафи іші салафи жастар көбейіп барады — дінтанушы
ҚоғамРуханият

Сырты ханафи іші салафи жастар көбейіп барады — дінтанушы

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 30.01.2024
Обновлено 30.01.2024 в 01:01
Поделиться
Поделиться

Ең алдымен, ата дәстүріңді танып ал.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Нұр-Мүбарак ректорының ғылыми кеңесшісі, Ислам тәпсірі ғылымының докторы, философ Мұхитдин Исаұлы дін жолындағы жүрген жастарға кеңес берді, деп хабарлайды baq.kz.

-Алматыда бірнеше күннен бері жер дүмпуі болып жатыр. Әлеуметтік желілерден халықты жаппай иманға шақырып жатқандардың қарасы көбейді. Бұл адамдарға жіберілген қандай да бір ескерту ме? Қалай ойлайсыз?

Жер сілкінісі – табиғи құбылыс. Ең алдымен, мұның заңдылығын жан-жақты біліп алуымыз керек. Бірақ қазақ «Құдайсыз қурай сынбайды» дейді, сондықтан бұл дүмпу не үшін болды деген сұрақ тағы бар. Иә, қазіргі таңда өзін атеистпін, тәңіршілмін деген азаматтар мұсылман қауымына тиісіп кетті. Алайда, шын мәнінде мұсылмандар өзіміз әппақпыз ба? Мәселен, депутат Ринат Зайытов «өзім кездескен намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ» деген кезде мұсылман жастар аузына келген былапыт сөздерін жаудырды. Егер сен шынайы мұсылман болсаң, саған бөтен көзқарасы бар адам тіл тигізіп жатса, неге сабыр сақтамайсың? Үстіне айтқанымыздай, иә жер сілкініп жатыр, бірақ оған атеистер мен намаз оқымайтындар кінәлі ма сонда… Қазіргі таңда өзін мұсылман деп атап жүрген жастар әлеуметтік желі арқылы дінімізді шоуға айналдырды. Қай жерге барса да бір нәрсені жоққа шығарып, өзінен ақылды адам жоқтай отырады.

— Ата-әжелеріміз ұстанған дінмен бүгінгі діннің қандай айырмашылығы бар?

Біздің ата-әжелеріміздің дінге деген құрметі ерекше еді. Ол кезде тәрбие ата-анаға, дәстүрге және Құдайға деген құрметтен бастау алатын еді. Қазір жас кіші болса да ересектерге діңкілдеп сөйлетіндер көбейді, сөйте тұра намазханмын дейді. Пайғамбарды өзінің құрдасындай көріп әңгіме айтып, тарихымыздағы әулиелерге тіл тигізгердерді көрдім. Биыл қажылыққа Дубайға барып келгендей әлеуметтік желісінің тікелей эфирінен ақша жинағандарды да көрдік. Бұл сонда қандай мұсылмандық? Бұдан гөрі кешегі кеңес заманындағы ата-әжелеріміздің ұстанымы нағыз әдеп, мұсылмандық еді. Қазіргі кейбірі дінді аузынан сөз шықса мынауым ақ, мұным саған қарғыс деп жекеменшік қылып алған.

-Бабалар ұстанып келген діннен бөлек, елімізде салт-дәстүрді мойындамайтын ағымдар бар? Олар туралы не айтасыз?

Қазақ «харам, халал» деген дүниені айтпаған, қазақ «мынау жаман болады», «мына нәрсе ұят» деп бірнеше ауыз сөзбен тәрбиелеген. Бұл өмірде уақытша жүрміз, ана өмірді ойлауымыз керек деп ешкім айтпаған. Жалпы, ашығын айтсақ, мұсылманмын дейтіндердің көбінде дінге деген құрметі аз болып тұр. Сондықтан апаттар Құдайдың мұсылмандарға тәубеге келіңдер деп жатқан ескертуі десек қисынға келеді. Өйткені шариғат бойынша «мұсылман дінмен әзілдесе оны Құдай тағала бұл не?» деп жазалайды. Құранда Алла тағала «сендер алдымен өздеріңді түзетіп алыңдар» дейді. Сол дұрыс иманға келіп, дұрыс мұсылман болмағаннан кейін екінші тарап тәңіршілдер мен атеистер шығып отыр.

Кейбір дін ұстанушыларға салтымыздан бөлек, Керей мен Жәнібек, Қазақ хандығы және оған дейінгі түп тарихымыз керек емес. Түртіп қалса, сырты ханафи іші салафи екенін білінеді. Ондай жастар көбейіп барады. Олар үлкен тұрмақ өз ата-анасын мойындамайды. Яғни «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмағаннан кейін осындай үрдіс болады. Бала ең алдымен тілін кәлимаға келтіргенен кейін жеті атасын білуі тиіс. Өйткені қазақтың бүкіл дәстүрі исламға негізделген. Қайсысы дәстүріміз жамандыққа шақырады? Яғни қазақ дінді дәстүрге айналдыра білген халық.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Руханият, Трендте
Сайт Әкімшілігі 30.01.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?