Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > «Төңкеріс күтіп тұр»: Пригожин арнайы операцияны сынға алып үлкен сұхбат берді
Шетел басылымына шолу

«Төңкеріс күтіп тұр»: Пригожин арнайы операцияны сынға алып үлкен сұхбат берді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 25.05.2023
Обновлено 25.05.2023 в 03:05
Поделиться
Поделиться

«Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин 18 + белгісімен үлкен сұхбат берді, айтуы бойынша, ол барлық ыңғайсыз сұрақтарға жауап берді. Бір сағаттан астам әңгімеде Пригожин Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің басшылығын сынға алды, Ресей элитасы туралы өз пікірін білдірді және Украинадағы соғыстың дамуы туралы болжам жасады. Ол сондай-ақ ЖӘК-тегі шығындарды айтып, Украинаны мақтады, «денацификация», «демилитаризация» және «ура-патриотизм» туралы айтты, Ресейде төңкеріс болады деп болжады.

Мазмұны
«Арнайы операция» барысы мен мақсаттары туралыУкраина армиясы туралыРесей элитасының балалары туралыРесей Федерациясының Қорғаныс министрлігі туралыСоғыстың даму сценарийлері туралыРесейді құлдыраудан сақтау жолдарыЯдролық қақтығыс туралы болжамы

Украинада соғыс басталғаннан кейін Украина әскери күштері әлемдегі ең мықты армиялардың біріне айналды, деп мойындады «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин саяси технолог Константин Долговқа берген сұхбатында.

«Арнайы операция» барысы мен мақсаттары туралы

Біз дөрекі кіріп келдік, нацистерді іздеп, Украинаның жер-жерін араладық. Нацистерді іздеп жүргенде, қолымыз жеткеннің бәрін сыпқырттық. Киевке жақындағанда «обоср@лись и отошли» (спикердің сөзі — ред.). Әрі қарай Херсонға аттандық – «обоср@лись и отошли» (спикердің сөзі — ред.). Қолымыздан келмей жатыр.

Арнайы операция «денацификация» үшін жасалды, ал біз Украинаны әлемге әйгілі ұлтқа айналдырдық. Олар өркендеу дәуіріндегі гректер немесе римдіктер сияқты. «Демилитаризацияға» келетін болсақ: егер оларда арнайы операцияның басында шартты түрде 500 танк болса, қазір бес мыңы бар. Егер ол кезде 20 мың жауынгері болса, қазір – 400 мың. Біз оны қалай демилитаризацияладық? Украинаны қалай милитаризациялағанымызды білмей қалды.

Украина армиясы туралы

Біз көп жерде соғысқанбыз. Америкалықтардың, француздардың, БҰҰ-ның пайдасыз әскерлерінің, африкалық тайпалардың қалай соғысатынын білеміз. Бүгінгі таңда «Вагнер» ЖӘК – әлемдегі ең мықты армия. Одан кейінгі қатарда мен орыс әскері тұр деп айтуым керек, бірақ менің ойымша, украиндар – ең мықты әскерлердің бірі. Олардың ұйымдастырушылық, дайындық, барлау, түрлі қару-жарақ деңгейі жоғары. Және олар қандай шығынға ұшырап жатқандарына мүлдем философиялық көзқараспен қарайды. Олар Ұлы Отан соғысындағыдай жоғарғы мақсатқа жету үшін бәрін жасайды.

Ресей элитасының балалары туралы

Элитаның балалары арандай ауыздарын жауып үлгерді, бірақ кейбірі өздеріне майлы, бейқам өмір сүруге мүмкіндік береді, оны көпшілікке көрсетеді. Бала тек элитада ғана бар емес. Және сол элитаның балалары беттеріне крем жаққанын интернетке салып жүргенде, басқаларының балалары бөлшектеліп, мырышпен келіп жатыр. Қайғы жұтқан аналар жүр.

Бұл бөлінушілік 1917 жылғы сияқты төңкеріспен аяқталуы мүмкін, алдымен сарбаздар көтеріледі, содан кейін олардың жақындары көтеріледі. Өлгендердің жүздеген туысы деп қателесесіздер, он мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған болуы мүмкін. Біз бұдан қашып құтыла алмаймыз. Мұның бәрі бір сәтте Варфоломеев түніне әкелуі мүмкін. Элитаның бейқам балаларының өмірі адамдардың оларды дарға асуымен аяқталады. Мен РФ элитасына кеңес беремін, бала-шағаларыңды жинап, соғысқа жіберіңдер, оларды жерлей бастағанда ғана адамдар енді бәрі әділ деп айтады.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі туралы

Егер жүйе артжалаудан тұрса, онда «Вагнер» ЖӘК мұны жасамайды. Басты мәселе Шойгу мен Герасимовте. Бұл екі адам президенттің снарядтар бар деген мәлімдемесіне қарамастан, өз шешімімен бізге тосқауыл қойды.

Егер бүгін Мизинцев Қорғаныс министрі, ал Суровикин Бас штабтың бастығы болса, онда қалыпты құрылым болар еді.

Менің саяси ұстанымым: Мен Отанды жақсы көремін, Путинге мойынсұнамын, Шойгуды алып тастау керек, соғыс жалғасады.

Соғыстың даму сценарийлері туралы

Оптимистік және пессимистік сценарийлер бар. Біріншісіне мен аса сенбеймін. Еуропа мен Америка украин қақтығысынан шаршайды. Қытай барлығын келіссөздер үстеліне отырғызады. Біз жаулап алған жер – біздікі, жаулап ала алмаған жер – біздікі емес деп келісімге келеміз. Бірақ бұл сценарийдің орындалуы екіталай.

Пессимистік сценарий: украиндарға зымырандар беріледі, олар әскерлерді дайындайды, әрине, олар шабуылды жалғастырады, қарсы шабуыл жасауға тырысады. Бәлкім, қарсы шабуыл бір жерлерде сәтті болуы мүмкін, олар 2014 жылға дейінгі шекараны қалпына келтіруге тырысады және соған қол жеткізуі мүмкін. Олар Қырымға шабуыл жасайды, Қырым көпірін жарып, жеткізу жолдарын кесуге тырысады. Сондықтан біз ауыр соғысқа дайындалуымыз керек.

Ресейді құлдыраудан сақтау жолдары

Біз қазір Ресейді құлдыратып алуымыз мүмкін. Сондықтан біз әскери жағдайды енгізуіміз керек, мобилизацияның жаңа толқындарын жариялауымыз керек, мүмкін болатын барлық адамдарды оқ-дәрі өндірісіне ауыстыруымыз керек. Біз ішіп-жеуді тоқтатып, жаңа жолдар, жаңа инфрақұрылым нысандарын салуды тоқтатып, тек соғыс үшін жұмыс істеуіміз керек.

Ресей белгілі бір жыл көлемінде Солтүстік Корея бейнесіне еніп, барлық шекараны жауып, барлық жастарын шетелден алдыртып, жұмылдыру керек. Сол кезде біз қандай да бір нәтижеге жетеміз.

Ядролық қақтығыс туралы болжамы

Бұл жекпе-жекті біз ұйымдастырдық. Көршілер ұрысып қалды. Сен көршіңе келіп, мұрнын сындыруың мүмкін, ыдыс-аяғын шағып кетуің мүмкін. Бірақ егер көршің сені үш әріпке жіберіп, ал сен балтамен келіп басынан персең, онда бұл біртүрлі жағдай. Ядролық бомба – бұл балта. Көршіңнің артынан балтамен жүгірудің қажеті жоқ. Әділетті түрде сазайын тартқыз, немесе таяқ жеп қалғаныңды мойындай сал. Шындығыңды ұрыс даласында көрсету керек.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 25.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?