Фото: Polisia.kz
Алматы полициясы түкірген адамдардың фото-видеосын “102” қосымшасы арқылы жіберуді сұрайды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алматы полициясы “102” қосымшасы арқылы азаматтардың хабарламаларын омниканалды қабылдауға болатынын хабарлады.
Қоғамдық тәртіп бұзу және қоғамдық орындарды ластау туралы иллюстрацияларды жіберуге шақырамыз. Көрсетілген ресурс арқылы тәулік бойы 20 оператор видеоқоңырау, аудио немесе SMS-хабарлама қабылдайды. Өтініш берген адамдарға қандай шара қолданылғаны туралы белгіленген мерзімде хабарланады,
деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Ержан Ұзабаев.
Оның айтунша, алматылықтар белсенділік танытып, заң мен тәртіптің бұзылмауына үлес қосып жатыр. Қала тұрғындары байланыс арналары арқылы ұсақ құқық бұзушылықтар туралы хабар береді.
Жыл басынан бері “102” қосымшасы арқылы азаматтар 500-ге жуық хабарлама жолдаған. Ең жиі кездесетіні – түкірген адамдар туралы. Жалпы, жыл басынан бері бұл құқықбұзушылық үшін ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы, 2-тармағы бойынша 5 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
деп хабарлады Ержан Ұзабаев.
Оның айтуынша, биылғы алғашқы 7 айда қаланы абаттандыру ережелерін бұзудың 17 152 дерегі, қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішудің 11 481 дерегі, тыныштықты бұзудың 5 494 дерегі, темекі шегуге тыйым салуды бұзудың 3 077 дерегі тірелді. Оған қоса, 505 ұсақ қылмыс анықталды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…