28 қарашада «Хабар 24» телеарнасындағы жаңалықтар кезінде Екібастұздан тікелей байланысқа шыққан депутат Ерлан Саиров жерге түкіреді.
Депутаттың бұл әрекетіне тілші аса мән бермегенімен, көрермендер байқайды. Көп ұзамай сол сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түседі.
Ерлан Саиров ауа райына байланысты осындай келеңсіз жағдайға тап болғанын айтады. Оған қоса депутат халықтан кешірім сұрауға дайын екенін де жеткізді.
Осының бәрі көшеде, кешке, қатты аязда, елсіз жерде болды. Қажет болса көрермендерден, халықтан кешірім сұрай аламын. Меніңше, осындай ауа райында мұндай келеңсіз жағдайдың болуы қалыпты. Бірақ, әрине, көшеде түкіруге болмайды. Қажет болса, айыппұл төлейміз,
деді Мәжілісмен.