Мегаполисте 1 миллион 170 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие.
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар үшін 20 қараша күні 55 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Заңнамада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркелген азаматтар дауыс бере алатыны анық жазылған. Сондықтан бүгінге дейін тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтар дауыс бере алмай келді.
Үкімет қаулысымен ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл азаматтардың сайлау күні дауыс беру учаскесіне тіркелуіне мүмкіндік береді. Осылайша, тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар мен басқа өңірлердің тұрғындары 20 қараша күні сайлауда дауыс бере алады,
деді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.
Дауыс беру үшін сайлау учаскесіне бір күнге тіркелуге болады.
Келесі күні, яғни 21 қарашада жүйе сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша тіркелген азаматтарды есептен шығарады.
Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар дауыс бере алатын учаскелердің мекенжайын ҚазАқпарат агенттігі жариялады.