Ұлы қазақ баласының жыры бітпей қойды. Жақында ғана есірткіге тойып алған әнші әлеуметтік желіні шулатты. Ол сол күйінде көлікке отырып әуежайға бет алған. Жанында әйелі болған. Одан бөлек патрульдік көлікке шабуыл жасады. Полицейлерді балағаттады. Ол негізі тыныш жүрмейтін адам. Солай танымалдылығын арттырғысы келеді ме әлде расымен бұзақы ма. Не керек, басына бәлені өзі тілеп алды ғой. 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды. Енді оның жоспарланған концерті өтпейтін болды. Бұл ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония өкілдері растады.
Филармония оның құрамына кіретін ұжым ғана емес. Сонымен қатар, оның залы жиі жалға беріліп тұрады. Бұл концертке де зал жалға берілген, яғни адамдар залды жалға алып, концерт өткізу үшін коммерциялық бөліммен байланысады. Сондықтан ұйымдастырушылардың бастамасымен концерт болмауы мүмкін. Бұл жағдайда да солай болды.
Концерт 8 шілдеде өтуі керек болған. Онда Төреғалиден бөлек Әбдіжаппар Әлқожаның да өнер көрсетуі жоспарланған.