Қазақстанға келген ресейліктерге ЖСН алуға, банк картасын ашуға мол мүмкіндік жасалып еді. Ал Түркияға қашқан ресейліктер тіпті банк картасын аша алмай, әбден әуре-сарсаңға түсіп жатыр. «Известия» басылымының дерегіне сүйенсек, ресейліктердің мұндай жағдайға тап болуына мобилизациядан қашқандардың тым көптігі себеп. Сондықтан Түркиядағы қаржы орталықтары олардың бәріне бірдей қызмет көрсетіп үлгермей жатыр.
Жергілікті банктер карта аштырғысы келетін Ресей азаматтарының көптігіне төтеп бере алмайды. Тікелей бас тартудың орнына шот ашу үшін қосымша талаптар қояды,
деді РБК сұхбаттасушысы.
Сонымен, Стамбулдағы ресейліктердің бірі картаны ашпас бұрын ірі түрік банктерінің 15 филиалының табалдырығын тоздыруға мәжбүр болған. Кейбір қаржы ұйымдары одан комиссия төлеуді, ал басқалары елде жұмыс істеуге рұқсат беру туралы қағаз әкелуді талап еткен.
Банктердің бірі 5 мың доллар депозит, тағы біреуі 2 мың лира көлемінде қайтарымсыз комиссия төлеуді талап еткен» (шамамен 107 доллар),
деп жазды «Газета.Ru».
Түркияға барып, жаңа карта алғысы келген ресейліктерді көбі DenizBank-ке тіркелген. Бқл банк бөлімшелерінің алдында кезек көп болғаны байқалады. Бұл қаржы ұйымы ресейліктердің мұндай өтініштеріне барынша адал қызмет көрсеткен. Сонымен қатар, жаңа картаны рәсімдеу үшін онда бір айға 10 мың лира депозит салу керек. Алайда ресейліктердің барлығы бірдей мұндай ақшаны төлеуге қалтасы көтермейді.
Қазіргі уақытта ел үкіметі Түркиядағы ресейлік туристер үшін төлемдердің балама нұсқаларын әзірлеп жатыр. 5 қазанда «Aydınlık» газеті Анкара мен Мәскеу банктері Troy түрік төлем жүйесін Ресейдің «Мир» төлем картасының баламасы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…