7 тамызда Түркіменбашы қаласында жүздеген адам азық-түлік тапшылығына қарсы наразылыққа шықты.
Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлайды.
7 тамызда таңғы сегіздер шамасында әкімдік алдына жүздеген адам жиналып, ақпан айынан бері азық-түлік жетісейтінін, бала-шағасының аш екенін айтып, әкімнің шығуын талап еткен.
Әкімшіліктің қызметкерлері әкімнің жоқ екенін айтып, оны аудан аралап жүргенін жеткізген. Бірақ наразы халық Авазаға барып, теңізде демалып жатқан президентке барып, шағымданатынын айтқан,
деп хабарлайды тілші.
Қазір Түркіменстан президенті Түркіменбашы қаласынан 15 шақырым қашықтықта жайғасқан Авазада демалып жатыр. Президент Сердар Бердымухамедов демалыс орнына 5 тамызда жайғасқан.
Әкім мемлекеттік дүкендерде арзан нан сатуды шектеумен болса да ұйымдастыруға уәде берген.