Фото: Ашық дереккөзден
Түркіменстанда Қарабоғаз шығанағы арқылы өтетін автомобиль көпірінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.
Енді Қазақстан мен Түркіменстанды шығанақ арқылы өтетін көпір байланыстыратын болады, деп хабарлайды Хроника Турменистана.
Қарабоғаз шығанағы арқылы салынатын жаңа көпір Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің халықаралық деңгейдегі маңызын арттырады. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Түркіменбашыдан Қарабоғаз шығанағы арқылы Қазақстан шекарасына дейін өтетін екі жолақты автокөпірдің жалпы ұзындығы — 354 метр, ені 21 метр. Оған қоса шекара бойында түрлі мақсаттағы құрылыстар қатар салынады. Оның ішінде жүргізушілер мен жолаушыларға арналған демалыс орындары, қонақ үй, техникалық қызмет көрсету орталықтары, аялдамалар, көліктердің салмағы мен өлшемін бақылайтын автоматтандырылған жүйелер, жарықтандыру, жол белгілері бар.
Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың айтуынша, көпір Түрікменстан, Ресей, Қазақстан, Иран және Үндістанның жүк тасымалдаушыларына тиімді қызмет көрсетуге арналады және Солтүстік және Шығыс Еуропа елдеріне қысқа жолмен жетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жаңа автокөпір Түркіменстанның жаһандық экономикалық кеңістікке белсенді интеграциялануына, шет елдермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолайлы жағдай туғызатынын баса айтты.
Теңіз жағалауы мен Қарабоғаз шығанағындағы бай табиғи ресурстарды игеруге және аумақтың географиялық факторларын зерттей отырып, оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ал туристер Түркіменбашы қаласында және Аваза ұлттық туристік аймағында құрылған шипажайлар мен демалыс орталықтарының қызметтерін пайдаланады.
Жобаны украиналық «Альтком» компаниясы жүзеге асыруы тиіс.
Нысан 2024 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…