Түркіменстанда президенттің әжесіне құран бағыштау міндеттелді

Түркіменстанның Мары облысында мешітке келгендерден ел президенті Сердар Бердімұхамедовтің өткен аптада қаза болған әжесіне құран бағыштау міндеттелсе, Балкан облысының имамы мешіттерге марқұмға арнап құран оқу бұйрығы берілген.

Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметі хабарлады

Мешіт имамдары намаз оқуға келген азаматтардан президенттің әжесіне де құран бағыштауды міндеттеп жатыр,

деп хабарлады радионың аймақтағы тілшісі.

Президент Сердар Бердімұхамедовтің әжесі, парламент (Халық мәслихаты) төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің анасы Огулабат Бердімұхамедова 7 сәуірде, 88 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Осыған дейін президенттің әжесінің қайтыс болуына байланысты, Түркіменстанның барлық өңірінде 15 сәуірге дейін ойын-сауық, үйлену тойларын жасауға тыйым салынғаны хабарланған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago