Түркінің саны қанша?

Бүгін Қырғызстан халқының саны 7 миллионға жетті. Бұл күллі түркі әлемі үшін қуанышты жаңалық. Осы ретте әлеуметтік желіде «түркінің саны қанша» деген сауал айналасынды ызу-қызу пікірталас болуда. Көпшілікті алаңдатқан сұрақ төңірегінде Abai.kz порталы ақпарат жариялапты.

Қазіргі уақытта әлемде алты түркі елі бар. Олар мойындалған және шекарасы шегенделген. Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан және Түркіменстан. Сонымен қатар мойындалмаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы бар, ол 1974 жылғы «Атила» операциясынан кейін Кипр аралын екіге бөлу нәтижесінде пайда болды. Жалпы алты түркі елінде 162 млн халық тұрады. Ал әлем бойынша зерттеушілер түркілердің саны 150-180 млн арасында дегенді айтады.

Қазақстан халқының саны 19 млн, Өзбекстан 35 млн, Қырғызстан 7 млн, Түркіменстан 6 млн, Әзербайжан 11 млн, Түркия 84 млн халқы бар түркі елдері. Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 350 мың халық тұрады.

Алайда өзге елдің құрамында, өз елдігінен айырылып, тәуелсіздік алу сәтін күтіп отырған түркілер жетерлік. ОББ (ЦРУ) мәліметінше парсы елдері саналатын Иран, Тәжікстан және Ауғанстанда 25 млнға жуық түркі халықтары бар. Олардың басым көпшілігі негізінен әзербайжандар, хазарлар, өзбектер, түріктер, түркімендер.

Қытайдың құрамында 15 млн ұйғыр, 3 млнға жуық қазақ пен қырғыз, өзбек бар деген ақпараттар кездеседі. Ресей құрамындағы сақа, чуваш, татар, құмық және басқа түркілердің саны 12-15 млн арасында деген ақпарат және бар. Алыс Еуропа елдерінде де тарыдай бытырап кеткен түркі халықтары жетерлік. Статистикаға қарап отырып, түркінің саны 200 млннан асып жығылады деуге болады.

Соңғы жылдары «түркілерді біріктіру» идеясы маңызды бола бастады. Бұл Әзербайжанның Қарабақты азат ету соғысынан кейін тіпті өзекті мәселеге айналды. Ал Ресейдің Украинаға ашық соғыс ашуы, түркі елдері арасындағы байланысты күшейте түсті. Себебі таразы басында тәуелсіздік, теңдік мәселесі тұр.

Түркі халықтарының интеграциясы баяу, алайда үздіксіз жүруде. Түркі кеңесі бір жыл бұрын «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» болып өзгеріп, жаңа статусқа ие болды. «Стамбұл-2040» құжаты қабылданды. Ол түркі мемлекеттері арасындағы сауда, экономика, логистика, мәдениет, қорғаныс, туризмді дамытуға бағытталған құжат десек те болады. Кеңестің ұйымға айналуы барлық түркі халықтарына жаңа дем бергендей әсер қалдырды. Алайда жасалған келісімшарттарды іске асыру мәселесі өзекті тұр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago