Түркістан облысы тұрғыны Қызыл кітапқа енген тау арқарын сойып алған

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген тау арқарын сойып алған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлері тұрғыннан арқар етін тапқан.

Бәйдібек ауданы Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков күнделікті жұмысын атқару кезінде, таулы аймақта атқа мінген ер адамды байқап, оны тоқтатып не мақсатпен жүргенін сұраған. Сонымен бірге тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түсіп, күмәнданып, қапты тексерген. Осы кезде қап ішінен белгісіз аңның жаңа сойылған еті табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды.

Полицейлер ер адамнан жауап алу барысында, ол қаптағы ет арқардың еті екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын айтқан. Мал бағып жүрген жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Одан кейін жануарды сойып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Бүгінде бұл дерек Қылмыстық деректің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеуге алынып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago