Categories: Оқиға

Түркістан облысында ер адам 7 кішкентай қызды зорлады деп айыпталды

Түркістан облысы Отырар ауданында 33 жастағы ер адам жеті қызды зорлады деген күдікке ілінді.

Адвокат Айман Омарованың айтуынша, әртүрлі отбасының балалары бір адамнан зорлық көргенін хабарлаған. Қыздардың жасы 7-10 аралығында. Олар күдіктімен көпқабатты үйде көрші тұрған.

Түнде Түркістан облысының тұрғындары «Бір терезе» жобасы бойынша хабарласып, 1990 жылы туған ер адам әртүрлі отбасынан шыққан жеті қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлаған.

Egovpress Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Отырар ауданында ұсталған педофил балабақшада жұмыс істеген.

Адвокат зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп болжайды. Ол оқиға туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға айтқан.

Ал балалары жәбір көрген ата-аналар күдіктінің ағайыны әрі көршісі екенін мәлімдеді.

Осы жаз айында зорлық-зомбылық жасаған. Ауруханаға апарып тексерттім, айдан-анық көрініп тұр. Менің сараптамаға жіберуді талап етемін. Әлі бір адамды тергемеді. Бұл жерде жалғыз мен емес, бірнеше қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Дәрігерлерге апарып көрсеттім, жоғарыға апаратын мүмкіншілігім болмай, таныс дәрігеріме апарып көрсеттім. Алдымен көзім анық жетсін дедім. Сіздерге өзім жетіп болғаннан кейін барып, айтып отырмын. Аудандық ішкі істер бөлімі шақырып кешелі бері осы жерде әлі тұрмын. Қимылдап жатқан тергеушілер жоқ. Бір адамды бірнеше сағат әлі тергеп жатыр,

деді жәбірленушінің анасы.

Түркістан облысының полицейлері құқық қорғау органдарына тек екі жергілікті тұрғын ғана арыз бергенін айтты. Зорлаған күдікті ұсталып, ол бәрін мойындады. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі «Зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Істің тергеуі менің жеке бақылауымда. Сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын,

деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago