Оқиға

Түркістанда борышын өтеп жүрген сарбаз қайтуына 10 күн қалғанда көз жұмды

Түркістандағы шекара қызметінде борышын өтеп жүрген Нұрғасыр Темірбеков әскерден қайтуына 10 күн қалғанда қаза тапты, деп хабарлайды “Информбюро” бағдарламасы.

Әскери бөлімдегілердің сөзінше, жұмыс істеп жүрген сарбаз ауыр темірге бастырылып қалған. Ата-анасы 19 жастағы Нұрғасырдың ешқандай жұмыстан бас тартпайтын еңбекқор екенін айтады. Енді олар сарбаздың өліміне жауаптылардың барлығы жазалануы керек деп отыр.

Үйінің тұңғышы Нұрғасыр Темірбеков соңғы рет әкесіне қоңырау шалғанда бітпей тұрған үлкен баспананың құрылысын 10 күннен кейін өзі барып аяқтауға уәде берген екен. Алайда бір күннен кейін, яғни 4 қыркүйекте әскери бөлімнен суық хабар келіпті. Түркістандағы 2037 шекара қызметі әскери бөліміндегілер Нұрғасыр ауыр жұмыс істеп жүріп, темір тор мен жүк көлігінің арасына қысылып көз жұмғанын мәлімдепті. 

Балаңыз осындай тормен жұмыс істеп жатқанда екі ортада қыстырылып қалды деді. Ол жерде жедел жәрдем де болмаған. Маған айтқаны, КАМАЗ-бен 3 шақырым жердегі медицина бөліміне апарған. Содан кейін таксимен әр жағындағы аудан орталығы ма, ауыл ма, сол жаққа апара жатқанда көз жұмды деді. Басшылардан күмәнданамын. Ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмаған,

деді марқұм Нұрғасыр Темірбековтың әкесі Мэлс Әбдіраманов.

Ата-анасының сөзінше, Нұрғасыр Түркістандағы шекара қызметіне отан алдындағы борышын өтеу үшін өз еркімен аттанған. Алайда әлі күнге дейін жауаптылар сарбаз өліміне байланысты кімдердің жазаланғанын, қандай іс қозғалғаны туралы толық жауап бермепті. Ал әскери прокуратура өкілдері осы іске байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 156-бабымен, яғни «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша іс қозғалды. Сарбазға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді,

делінген Әскери прокуратура хабарламасында.

Марқұмның ата-анасы Нұрғасырдың өліміне жауапты басшылардың барлығы да жазалану керек деп талап қойды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago