Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
04.10.2023
Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
04.10.2023
«Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
04.10.2023
Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
04.10.2023
Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар
04.10.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Түркістанда борышын өтеп жүрген сарбаз қайтуына 10 күн қалғанда көз жұмды
Оқиға

Түркістанда борышын өтеп жүрген сарбаз қайтуына 10 күн қалғанда көз жұмды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 14.09.2023
Обновлено 14.09.2023 в 11:09
Поделиться
Поделиться

Түркістандағы шекара қызметінде борышын өтеп жүрген Нұрғасыр Темірбеков әскерден қайтуына 10 күн қалғанда қаза тапты, деп хабарлайды “Информбюро” бағдарламасы.

Әскери бөлімдегілердің сөзінше, жұмыс істеп жүрген сарбаз ауыр темірге бастырылып қалған. Ата-анасы 19 жастағы Нұрғасырдың ешқандай жұмыстан бас тартпайтын еңбекқор екенін айтады. Енді олар сарбаздың өліміне жауаптылардың барлығы жазалануы керек деп отыр.

Үйінің тұңғышы Нұрғасыр Темірбеков соңғы рет әкесіне қоңырау шалғанда бітпей тұрған үлкен баспананың құрылысын 10 күннен кейін өзі барып аяқтауға уәде берген екен. Алайда бір күннен кейін, яғни 4 қыркүйекте әскери бөлімнен суық хабар келіпті. Түркістандағы 2037 шекара қызметі әскери бөліміндегілер Нұрғасыр ауыр жұмыс істеп жүріп, темір тор мен жүк көлігінің арасына қысылып көз жұмғанын мәлімдепті. 

Балаңыз осындай тормен жұмыс істеп жатқанда екі ортада қыстырылып қалды деді. Ол жерде жедел жәрдем де болмаған. Маған айтқаны, КАМАЗ-бен 3 шақырым жердегі медицина бөліміне апарған. Содан кейін таксимен әр жағындағы аудан орталығы ма, ауыл ма, сол жаққа апара жатқанда көз жұмды деді. Басшылардан күмәнданамын. Ешқандай қауіпсіздік ережелері сақталмаған,

деді марқұм Нұрғасыр Темірбековтың әкесі Мэлс Әбдіраманов. 

Ата-анасының сөзінше, Нұрғасыр Түркістандағы шекара қызметіне отан алдындағы борышын өтеу үшін өз еркімен аттанған. Алайда әлі күнге дейін жауаптылар сарбаз өліміне байланысты кімдердің жазаланғанын, қандай іс қозғалғаны туралы толық жауап бермепті. Ал әскери прокуратура өкілдері осы іске байланысты тергеу басталғанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 156-бабымен, яғни «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша іс қозғалды. Сарбазға дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілді,

делінген Әскери прокуратура хабарламасында. 

Марқұмның ата-анасы Нұрғасырдың өліміне жауапты басшылардың барлығы да жазалану керек деп талап қойды.

Анара Бауыржанқызы 14.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Самұрық-Қазынаның» бар жұмысы – басшыларға бонус беру
  • Аффирмация мен медитация расымен өміріңді өзгертеді
  • «Ақ параққа жазып бақытымды тіледім»: 46 жасында ұзатылған әйел желіні шулатты
  • Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды
  • Елде уахабистерге жағдай жасауға көмектесетін мемлекеттік қызметкерлер бар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Алматы облысында зорланған егіз қыздың анасы қамауға алынды

04.10.2023
Жемқорлық

Бурабайдағы казино заңсыз 4,6 млрд ақша тапқан

04.10.2023
Оқиға

Ақтөбеде жұмыссыз жүрген азамат тұрғынның атына 4 бірдей онлайн несие рәсімдеген

04.10.2023
Оқиға

Мұғалімдер оқушы қызды өгей әкесі зорлады деп жедел жәрдем шақыртқан

04.10.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?