Әлеуметтік желіге шолу

Түркістанда көше сыпырушыларды имам мешіттен қуып шықты

Түркістанда тазалыққа жауапты коммуналды сала жұмысшылары түсініксіз жайтқа тап болды.

Таңнан қара кешке дейін көше сыпырып, нәпақа тауып жүрген аналарды мешіт имамы ашық түрде қуып шыққан. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиға Түркістан қаласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

«Түркістан Тазалық» жұмысшылары мешітке келіп, дәретханаға сұранған. Иә, таңның атысынан, күн батқанша көшедегі біздің тастаған қоқысымызды жинап, тазалап жүретін кісілер.

Мешітке кіре алмаса, сонда бұл кісілердің еңбегі адал, өздері харам болғаны ма?

Бейнежазбадан мешіт есігінің алдында дін өкілі мен қала тазалығына жауапты мекеменің жұмысшы әйелін көруге болады. Ал мешіттің қақпа тұсында екінші көше сыпырушы тұрады.

Кет деймін, тыныштықпен кет! Бұл жер көпшіліктің «туалеті» емес! «Давай, мен пока неғымай» тұрған кезде кет!

дейді қатты дауыспен дін өкілі.

Мешіт ішінен шыққан өзге ер адамдар басына сәлде киген молданың бұл әрекеті бұрыс екенін алға тартып, тіпті оған «Айқайлай берме» деп ескерту жасайды.

Видео соңында көше тазалықшыларының мешіт әжетханасына бәрібір де кіре алмай кеткенін көруге болады.

Мешіт алдында әдепсіздік қылық танытқан имамның әрекеті көптеген қазақстандықтың ашуын тудырды.

  • Мына молда жынданған ба?
  • Әжетхана үшін неге соншама жыртылып тұр?
  • Мынау имам ба, кім өзі? Мешіттен өзін қуу керек.
  • Психдиспансерге жатқызып емдеу керек қой.
  • Мынаны мешіттен аластату қажет! Бұндай адамға Алланың үйінде орын жоқ.
  • Имамымыз мынандай болса, басқаларға не айтуға болады?
  • Мына имамның әрекеті дұрыс болмапты. Әжетхананы қызғанғаны несі?
  • Құтырып болған екен, халықтың садақасымен күн көріп отырғанын ұмытып тұр ма?
  • «Ақша салатын жәшікке садақа салайын» деп едім десе, қалай кіргізер еді…» деп жазды желідегілер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago