Қоғам

Түркістандық шаруалар банан мен папайя өсіреді

Түркістан облысының шаруалары тропикалық жеміс ағаштарын жерсіндірді. Сарыағаштағы жылыжайда банан мен папайя өнім беруде. Тәжірибе алаңында дәмі тіл үйіретін өзге де тропикалық өскіндер жайқалып өсе бастаған. Бұл туралы «Хабар» телеарнасында өткен 4 сағаттық «Адал еңбек» телемарафонында көрсетілді.

63 жастағы Тұрсын Тасқожа Сарыағаштағы жылыжайында тропикалық аймақ климатына бейімделген жемістерді Қазақстанның топырағына жерсіндірумен айналысады. 12 сотық тәжірибе алаңында банан мен папаядан бөлек құлпынайдың жаңа тұқымы, киви, зәйтүн, лимон мен мандарин ағашы жайқалып тұр. Жылыжайдың топырағы еш қоспасыз табиғи дәрумендермен тыңайтылады. Осындай ерекше күтімнің арқасында банан ағашы бір жылда тамыр байлап, 4 метрге дейін бойлаған. Қазір әр 1,5 айда 25 келіден аса өнім береді. 

Цитрустық жемістер мен жидектерге нарықта сұраныс жоғары. Сондықтан агрономдар тропикалық белдеуде өсетін өскіндерді көбейтіп, құлпынайдың жаңа тұқымын жаппай егістікке әзірлеуде. Басты мақсат — импортты ысырып, сауда сөрелерін отандық табиғи таза өніммен қамту. Ол үшін шаруа көшеттерді көбейтіп, өзге шаруашылықтармен де бөлісуге дайын.

Бағбандардың сөзінше, «елімізге жыл сайын өзге мемлекеттерден 150 мың тоннадан астам цитрус жемістері жеткізіледі. Түркістан облысының аграрлы аймағында егістікті әртараптандырып, тәуелділікті азайтуға болады. Ол үшін аудандағы 760 гектар жылыжай кешенін дамытуға екпін беріп, мемлекеттік қолдау шараларын күшейту керек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago