Түркияға шатыр, жылытқыш, қалың киім мен көрпе жетпей жатыр

Зілзаладан зардап шеккен аймақтарға шатыр, генератор, жылытқыштар мен көрпе жетпей жатыр. Түркияның Қазақстандағы елшілігі киім-кешектен бөлек, дәл қазіргідей суықта пана болатын жылы жамылғыштар ауадай қажет екенін айтады.

Түркияның Қазақстандағы елшілігінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Байрам Шевкет алдағы уақытта гуманитарлық көмек қолын созамын деушілерден жоғарыда аталған тізімге басымдық беруді сұрап отыр.

Ал Түркияның Қазақстандағы елшілігінің бастамасымен ашылған жәрдем шотына ақшалай аударымдардың легі үзілген емес. Дәл қазір шотқа 1 миллион 300 мың доллар шамасында ақша жиналған.

Осы жағдай болғаннан кейін үш-төрт күн бұрын бауырларымызға көмектесу мақсатында үндеу тастаған болатынбыз. Негізінен біз оқушыларға, ата-аналарға жылы көрпе мен жылы киімдердің барлығы жаңа, қолданылмаған болса деп өтініш айттық,

дейді Binom school директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ербол Бихалық.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago