Categories: Маңызды

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі: құрбандар саны 4 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы жер сілкісінен қаза тапқандар саны 4 000-нан асты.

Түрік ТЖ басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезар Анадолу агенттігіне Түркияның оңтүстігіндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2921-ге жеткенін айтты. Тағы 15 834 адам жарақат алды. Бұған дейін Түркияның вице-президенті Фуат Октай үйінділердің астынан барлығы 7840 адам аман шыққанын хабарлаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күн Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

«Әл-Жазира» телеарнасы Сирияда 1444 адам қаза тапқанын хабарлады. Осылайша, екі елде қаза тапқандардың жалпы саны 4365 адам болды.

Еске салайық, 6 ақпан Түркияның оңтүстік-шығысында, Сирияның бірнеше провинцияларында жер сілкінісі болды. Ең күшті жер сілкісіні 7 баллдан асты. Табиғи апат салдарынан Түркияда көптеген ғимарат құлады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago