Бұл туралы одақ мүшелерінің Вильнюстегі саммитінде Солтүстік альянстың Бас хатшысы Йенс Столтенберг хабарлады.
Өз кезегінде Швеция билігі Түркияда террористік деп танылған ұйымдарға қолдау көрсетуді тоқтатады.
Ал Стокгольм Анқараның Еуроодаққа интеграциялану процесіне қолдау көрсететін болады.
Швеция 2022 жылы НАТО-ға мүшелікке өтініш берген еді.
Бірақ Түркия елдің альянсқа кіруіне рұқсат бермеді.
Швецияның күрдтерді қолдауы және елде құранды өртеу оқиғалары жағдайды ушықтырып, келіссөздерге кедергі келтірген еді.
Мен өте қуаныштымын. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг, үшеуіміз қол алысып кеттік. Швеция үшін өте жақсы күн болды,
деді Швецияның премьер-министрі Ульф Кристерссон.