Түркияда 1,6 млн адам баспанасыз қалды

Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 35 418 адамға жетті. Бұл туралы  ел президенті Режеп Тайып Ердоған телеүндеуде мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түрік басшысының сөзінше, жарақат алған 13 208 адам ауруханаларда ем алып жатыр.

Ердоғанның сөзінше, апат аймағындағы іздеу-құтқару және басқа да жұмыстарға 250 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер тартылған. Ол зілзала қиратқан аудандардағы іздеу-құтқару жұмыстары үйінді астындағы тірі адамдар аман шығарылғанға дейін жалғасатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, келесі айда Түркия билігі зілзаладан зардап шеккендерге арналған 30 000 үйдің құрылысын бастайды. Қазіргі уақытта 1,6 млн адам баспанаға мұқтаж.

Апат аймағында 175 мың палатка, 5,4 мың контейнер үлгісіндегі үй орнатылған.

Оның сөзінше, Түркия билігі зілзала болған аймақтардың бәрінде жыл бойы сапасы жоғары әрі адамдарға қауіпсіз тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жөнелтуді тапсырды. Бұдан бұрын мемлекет Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлген. Сонымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен 115 тонна гуманитарлық жүк, 35 млн теңге қаржы жиналды.

Зілзаладан зардап шеккендерге көмектесу үшін қазақстандық құтқарушылардың екі тобы бауырлас елге аттанды. ТЖМ мәліметінше, елімізден барған құтқарушылар үйінді астынан 7 адамды аман алып шықты және 80 адамның денесін тапты.

Қазақстан жойқын жер сілкінісінің зардабын тартқан Сирияға да көмек қолын созды. Бұл мақсатта бюджеттен 160 млн теңге бөлінді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago