14 мамырда Түркияда президент сайлауы өтті. Азаматтар алдағы бес жылда елді басқаратын президентті және 600 Парламент депутатын таңдайды.
Мемлекет басшысы лауазымына үш үміткер таласады. 69 жастағы Режеп Тайып Ердоған «Республикалық альянстың» бірыңғай кандидаты, оппозициялық «Халық Альянсының» бірыңғай кандидаты 74 жастағы Кемал Кылычдароғлу және Аta Альянсының 55 жастағы кандидаты Синан Оган кірді.
Memleket партиясының төртінші кандидаты Мухаррем Инге сайлауға үш күн қалғанда өзінің кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.
Бұл сайлауда ең негізгі үміткерлер – Әділет және даму партиясы ұсынған Режеп Тайып Ердоған мен оның негізгі қарсыласы Республикалық халық партиясынан Кемал Кылычдароғлу.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, президент Ердоған соңғы 20 жылда алғаш рет нағыз бәсекеге түсті.
Жоғары сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 81 провинцияда 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылған. Түркияның 60 миллион 721 мың 475 тұрғыны дауыс беруге құқылы, олардың көпшілігі әйелдер (30,7 миллионнан астам).