Маусым айында Түркия Орталық банкін басқаруға алғаш әйел Төраға тағайындалды. Есімі Хафизе Гайе Эркан. АҚШ-та білім алған, түрлі халықаралық қаржы институттарында жұмыс істеген.
Бүгін сол кісінің бастауымен түрік елінің ақша-несие саясатында ШОК ТЕРАПИЯСЫ деп аталатын механизм жүзеге асырылды. Яғни, соңғы 2 жылда төмендеп келген пайыздық мөлшерлеме 8,5%-дан 15%-ға бірақ көтерілді.
Экономикада бұл құбылысқа «Шок терапиясы» дейді. Оның басты мақсаты елді жайлаған гиперинфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаға қолдау көрсету және капиталдың шетелге ағуының алдын алу шарасы. Мұндай күрт өзгерістің ұзақ мерзімді салдары экономиканың еркін нарыққа бет бұруы болады. Бірақ кері әсері де болуы мүмкін. Оны дәл қазір түрік лирасының құнсыздануынан көріп отырмыз.
Әдетте пайыздық мөлшерлеме көтерілгенде ұлттық валютаның құны өседі және отандық өнімдер қымбаттайды, ал импорттық тауарлар әлдеқайда арзан болып көрінеді. Бұл бір жағынан отандық өндірістің дамуына жол ашуы мүмкін, екінші жағынан егер экономика айтарлықтай әртараптанбаған болса, импорттық тауарлар арзандап, қаптап кетуі мүмкін, демек отандық өндіріс бәсекеге қабілетті бола алмай құлдырауы да ықтимал.
Тарихта мұндай шок терапиялық әдісті 1992 жылы Англия банкі (10% -> 15%), 2008 жылы Исландия Орталық банкі (12% -> 18%), 2014 жылы Түркия Орталық банкі (7,5% ->12%) және тағы басқа елдердің орталық банктері қолданған.