Президент Режеп Тайып Ердоған Кахраманмараштың Пазаржык ауданында орын алған 7,7 балдық жер сілкінісі кезінде қаза тапқандардың саны 912-ге жеткенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Сирия шекарасынан шамамен 90 шақырым қашықта болған жер сілкінісінің ошағы Түркияның Газиантеп қаласында тіркелді. 7,8 баллдық жердің дүмпуі тіпті Каирде де сезілген.
Оның айтуынша, жер сілкінісінен 5312 адам жарақат алып, 2818 ғимарат қирап, 2470 адам құтқарылған.
Губернатор Хулуси Сахиннің айтуынша, Түркияның Малатия провинциясында кем дегенде 130 ғимарат, оның ішінде тұрғын үйлер құлаған. Жер сілкінісі нәтижесінде Кахраманмараш қаласында газ құбыры жарылды.
Сирияның солтүстік-батысында Сирияның оппозициялық азаматтық қорғанысы көтерілісшілер басқаратын аймақтағы жағдайды «апатты» деп атады және ғимараттардың құлауынан адамдар қоқыс астында қалып, ауруханалар жаралыларға толы екенін айтты.
Сирияның Алеппо, Хама және Латакия қалаларында ғимараттар құлап, 200-ге жуық адам зардап шекті. Дамаск пен Бейрутта да дүмпу сезіліп, адамдар көшелерге қарай жүгірген.
Жергілікті биліктің айтуынша, бұл 1999 жылдан бергі ең ауыр жер сілкінісі, ол кезде 18 мыңға жуық адам қаза тапқан.