Түркияның Измир қаласында оқып жатқан 21 жастағы Рауан Дарханұлы бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен. Бұл туралы ZTB.KZ порталына Рауанның тәтесі хабарлаған.
Қазақстандық жергілікті «Dokuz Eylul University» университетінде оқыған.
Жоғалған студенттің туыстарының айтуынша, ол және оның курстастары 22 қазанда кешке университет кампусынан шығып, жақын жердегі асханаға кешкі ас ішуге барған. Олардың айтуынша, ғимараттан шыққанда Рауан смартфоны жоғалғанын аңғарған, сөйтіп қайта ғимаратқа кеткен, содан оралмаған.
Курстастары біраз уақыттан соң оның артынан барған, бірақ таппаған соң қайта кампусқа оралған. Ал Рауан сол күйі үшті-күйлі жоғалып кеткен.
«Келесі күні сол балалар кешкі ас ішкен ғимаратқа қайта барып, Рауанның смартфонын тапқан. Рауанның анасы, Ноғайбаева Раушан университет басшылығына хабарласып, Измир полициясына өтініш түсірген»,
деп жазды жоғалған жігіттің тәтесі.
Рауанның анасы баласын іздеуге көмектесуді сұрайды. Телефоны: +7 (777) 627-62-95