Түрлі-түсті революциялар дәуірі Қазақстанмен аяқталды ма?

Қазақстандағы оқиғалар Еуразиялық қарсыластары күрт бұзған Америкалық-түрік-британдық-израильдік бүліктің әрекетіне көбірек ұқсайды.

Авторы — Pepe Escobar

Пепе Эскобар-Гонконгтағы Asia Times халықаралық журналисті, TomDispatch арнасы және  RT блогының талдаушысы, сондай-ақ АҚШ-тан Шығыс Азияға дейінгі кеңістікте шығатын интернет-сайттар мен радиобағдарламаларға арналған материалдардың авторы. Бразилияда дүниеге келген; 1985 жылдан бастап шетелдік тілші ретінде жұмыс істеді. Лондон, Париж, Милан, Лос-Анджелес, Вашингтон, Бангкок және Гонконгта тұрды.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдарға дейін ол ірі державалардың геосаясаты мен энергетикалық соғыстарға ерекше назар аудара отырып, Таяу Шығыстан орталық және шығыс Азияға дейінгі аймақтағы оқиғаларды жариялады. Globalistan кітаптарының авторы (Nimble Books баспасы, 2007 ж.), Red Zone Blues (Nimble Books баспасы, 2007 ж.), Obama does Globalistan (Nimble Books баспасы, 2009 ж.), редакторы және басқа да бірқатар басылымдардың бірлескен авторы, соның ішінде жақында жарық көрген Crossroads of Leadership: Globalization and the New American Century in the Obama Presidency («Routledge» баспасы)

(https://roscongress.org/speakers/eskobar-pepe/biography/)

12 қаңтар 2022 жыл

«…Қазақстандағы қаңтар оқиғаларында шетелдік мүдделі тараптардың іс-әрекетін байқауға болады.  Бұл Орталық Азия аумағында болып жатқан екі түрлі күш орталықтары күресінің айқын белгісі…»

Эскобар Қазақстан мен Ресей басшыларының қаңтардағы тәртіпсіздіктердің сипаты мен шығу себептері туралы айтқан сөздеріне сілтеме жасай отырып, өзінің баяндауының негізгі идеясын былай көрсетеді:

– билікті басып алу әрекеті,

— шетелдік оқытылған содырлардың болуы;

— әрекеттердің бірыңғай орталықта үйлестірілуі және майдан технологияларын қолдану;

— ҰҚШҰ елдері өздерінің сыртқы шекараларын бүліктен  қорғау қажеттілігі.

«…Гибридті желі-бұл туралы ешкім білмейді.

2021 жылдың желтоқсанында Бішкекте арандатушылықтың тағы бір әрекеті жасырын түрде басылды

Қырғызстанның барлау органдары берген мәліметтер бүліктің ҮЕҰ мен байланысы болғанын жеткізді. Оның Ұлыбритания мен Түркиямен байланысы бар. Бұл НАТО –ның қол астындағы барлау құрылымы мен оның агенттері Қырғызстандағы бүлікті, кейін Бішкектен тау жотасының артында орналасқан Қазақстандағы революцияны бір уақытта жасауға тырысқаны байқалды.  «Мен 2019 жылы Covid-19 пандемиясына дейін Орталық Азияға сапар жасадым. Батыс ҮЕҰ – НАТО гибридті майдандарының жауынгерлері Қырғызстан мен Қазақстанда алып күшке ие болғанын байқадым.

Бірақ бұл ҮЕҰ Орталық Азияда енгізілген қуатты батыс гибридті соғыс машинасының кішкентай бөлігі ғана. Дәл сол Орталық Азияда орталық барлау басқармасының, Ми-6 және түрік барлауының таңғажайып қиылысын көре аламыз.

Президент Тоқаев «бірыңғай штаб» туралы айтқан кезде, АҚШ-түрік-израильдің құпия ахуалдық орталығының бар екенін жеткізді,

Ол Алматы қаласының оңтүстік бөлігіндегі іскерлік хабта орналасқан. Бұл туралы авторға Орталық Азия елдерінің бірінің барлау құрылымдарындағы жоғары лауазымды дереккөз мәлімдеді. Бұл орталықта 22 американдық, 16 түрік және 6 израильдік жұмыс істеді. Олар Батыс Азияда оқытылған содырлардың әрекеттерін үйлестіріп, Алматыда партизандық із қалдырды…

Шешуші кезең

Қаңтар айындағы қарама-қайшылықта қазақ қауіпсіздік күштері ҰҚШҰ күштерінің қолдауымен Алматы әуежайына бақылауды өз қолдарына ала білгендері шешуші сәт болды. Себебі бүлікшілердің ойынша әуежай шетелдік әскери көмекті қабылдау нүктесіне айналуы тиіс болатын.

Жасырынды соғыстың құрастырушылары ҰҚШҰ – ның Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді күтпеген жерден ауыздықтағаны есеңгіретті. Өйткені Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев оқиғаның мән-жайын алдын ала болжай білді.

ҰҚШҰ әскерлерін Қазақстанға көшіру неліктен соншалықты жылдам ұйымдастырылғандығында ерекше құпия жоқ,

2021 жылдың қарашасында Ауғанстаннан шетелдік әскери коалицияның ретсіз ұшуынан кейін Патрушевты Ауған тақырыбы қатты алаңдатты.  Сол кезде тәжік саясаттанушысы Парвиз Муллоджанов Ауғанстанның солтүстігіне Сирия мен Ирактан 8 мың жиһадшы салафит келгенін хабарлады. Олар Түркіменстан шекарасында қайта топтасқан «ИШИМ-Хорасан» ұйымына (Қазақстанды қоса алғанда, көптеген елдерде тыйым салынған) қарсы күш жұмылдыру әрекетін ойластырды. Бұл содырлардың бір бөлігі Қырғызстанға жіберілді. Патрушев АҚШ пен оның серіктестері Кабулдан қашқан жиһадтық резерв 7500 шақырымда орналасқан Ресей мен посткеңістік елдерге жіберілетіні айдан анық деген шешімге келді.

Қорытынды

Қаңтарда болмай қалған бүліктің себебін анықтау үшін ең алдымен күдіктілерден бастау керек. АҚШ-тың терең мемлекеті RAND компаниясының 2019 жылғы корпоративтік есебінің 4-тарауына сүйенсек, олардың көздеген мақсаттары болған. Оның ішінде «геосаяси шаралар», «Украинаға өлім қаруы түрінде көмектесу», «Беларусиядағы режимді өзгерту мәселесін алға жылжыту», Сириядағы көтерілісшілерге қолдау жасау», «Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалын түсіру».

Осылайша керемет жоспардың құрылғанын көріп отырмыз. Оны практикалық тұрғыда жүзеге асыру Ми-6 және түріктерге тапсырылды. ОББ мен Ми-6 2005 жылдан бастап Орталық Азиядағы түрлі күмәнді бастамаларын қолдап келеді. Олар Қырғызстанның оңтүстігінде бүлік шығару үшін сол кезде Талибанмен тығыз байланыста болған Өзбекстанның ислам қозғалысының арасына іріткі салды. Бірақ ойлары іске аспады.

2021 ж. мамырында британдық барлаушы Джонатан Пауэлл Орталық Азиядан  шыққан майданға қатысушылардан тұратын Джабхат-аль-Нусра фронтының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар бір келісімге келді. Егер олар НАТО-ның Ресейге қарсы көзқарасын қолдаса, шерушілер террорист болып есептелмейді. Бұл жоғарыда аталған 8 мыңдық күшті аймаққа аттандырмас бұрын шешілген маңызды сұрақ болды. Мақсаттары – Орталық Азия тектес содырларды бөліп, олардың ойын екі жақты ету.

Алматы трагедиясының алдында орын алған оқиғаның бірі — 2020 жылғы маусымда Ұлыбританияның Түркиядағы елшісі, Ми-6 барлау жетекшісі Ричард Мурдың тағайындалуы болды. Мурды Ким Филбидің интеллектуалды ерекшеліктері қызықтыра қоймады, алайда ол бұл іске лайықты еді. Ол русофоб әрі ұлы Тұран құру идеясының жақтаушысы. Режеп Тайып Ердоған осы идеологияның белсенді қорғаушысы.

Аталған жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, Түркі әлемі үлкен Еуразияның ресейлік жобасымен және Түркия кірмейтін Шанхай ынтымақтастық ұйымымен бетпе-бет қақтығыспақ.

Ердоғанды тек экономикалық тұсы қызықтырса керек — Әзірбайжанның Қарабақ соғысындағы жеңісінен кейін, ол Әзірбайжанды Каспий арқылы Орталық Азияға қолжетімділік ретінде пайдаланғысы келеді. Ал Қазақстан мен Өзбекстанды өзінің қорғаныс индустриясының өнімдерімен қамтымақ ниетті.

Ресей де, Қытай да Түркияның экономикалық кеңеюі НАТО-ны Орталық Азияда алға жылжытатынын жақсы түсінеді. Егер әрі қарай қазбалайтын болсақ, мәселе одан әрі шиеленіспек. Ердоғанның нео-империалдық амбициясы, мұсылман бауырлар ұйымының күшеюі, пантюркизм идеологиясымен, яғни этникалық түріктердің қозғалысымен ешқандай байланысы жоқ.

Мәселе мынада, нео-османизм және пантюркизм ұғымдары радикалдануы өскен сайын біртұтас болып біріктіріледі. Бұл Анкараның Босниядан Қытайға таралған ИШИМ-Хорасан мен Тұран радикалдарына не үшін демеушілік ететіп, тіпті қарумен жабдықтайтынын түсіндіреді.

Кез-келген түсті революцияға «Трояндық ат» қажет. Қазақстанда Кәрім Мәсімов болды. Жоғары амбициялы адам, ұлты ұйғыр. Теориялық тұрғыдан қарағанда бұл факт оның ел мен мемлекетті басқарудың жоғары деңгейіне көтерілуіне кедергі келтірді.  Оның түрік барлауымен қарым-қатынасы толық анықталмады. Ал үлкен және кіші Байденмен жылы қарым-қатынасы бәріне мәлім.

…29 жыл ішінде Қазақстан көп-векторлық ойындар ойнады, олар тым Батыс сипатта болды, британдық заңдар қабылдады,  Ердоғанмен пантюркистік картаны ойнап, өз аумағына түрлі  Атлантикалық ҮЕҰ-ның қуатты білігіне жол берді.

Тоқаев-күрделі саясаткер. Ол кеңестік СІМ-де оқытылды, орыс және қытай тілдерін жетік біледі және ол Ресей мен Қытайдың байламына мықтап енген.

Путин мен Си сияқты, Тоқаев белдеу-жол бастамасының триадасы – Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы-белгілі күш орталықтарының империялық амбициялары үшін қорқынышты болып табылатынын және Қазақстандағы тұрақсыздық, Триаданың басты елі ретінде Еуразиялық интеграцияның үкіміне айналатынын жақсы түсінеді.

Түбінде, Қазақстан  бүкіл Орталық Азияның ЖІӨ-нің 60% — ын береді. Ол көмірсутектерге және табиғаттың басқа да сыйына бай. Дамуына ең заманауи технологияларды енгізіп, болашаққа ұмтылысы жақсы.  Бұл бай мәдени мұрасы бар зайырлы, унитарлық мемлекет.

Қазақстандағы каңтардағы тәртіпсіздіктерге кім демеушілік жасағаны әлі күнге дейін белгісіз. Себебі айқын — Ресей мен Қытай үкіметіне нұқсан келтіру, белдеу-жол бастамасының диверсиясы, Ресейдің қарама-қайшылығы және Сауд Арабиясының түрі бойынша исламизацияның құрылуы. Орталық және Батыс Азия ҰҚШҰ әскерлерінің дағдарысқа жылдам реакциясын көрді, сондай-ақ Қазақстандағы түрлі-түсті революция әрекеті сәтсіз аяқталғанына көз жеткізді. Мүмкін, бұл соңғысы шығар. Бірақ кемсінген және масқара болған терең империяның қаһарынан қорқайық…»

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago