Қоғам

Түрмедегі әйелдердің зорланатыны рас па?

Әмірболат Құсайынұлы есімді желі қолданушысы «Жауғашты» әйелдер колониясындағы жағдайды баяндады.

Автордың айтуынша, колониядағы әйелдердің жартысы жоғары білімді, түрлі қызмет атқарған. Олардың арасында зорлыққа ұшырағандар да бар.

Жауғаштыдағы әйел колониясына жылына бірнеше рет барып тұрам.

Жазасын өтеп жатқандардың жартысына жуығы жоғары білімді және түрлі қызметте болған, милары сақылдап тұрған қыз-келіншектер. Экономикалық қылмыспен қамалғандарының ішінде бітпес өксік бар. Бастықтары лақтырып кеткен, биліктегі жылпостардың жетегіне түсіп қалған, құжаттарға қол қойған, ақырында құрбан болған дегендей.

Адам өлтірген, анаша сатқан, сақтағандарға рақымшылық бар, ал қаржылық қылмыспен қамалғандардың бірде біреуі рақымшылыққа ілінбеген. Қамалып бір, миллион, миллиардтарды төлеп екі күйіп отырғандар. Он бәлен жылды арқалап кете барғандары көп.

Қапастағы 570 әйелді ҚАЖД қарайтын 80-ге жуық жігіт күзетеді. Бірнеше рет қамаудағы әйелдермен «махаббат» хикаясы орын алған, зорлыққа ұшырап, босанған жағдай да болған.

Түрменің ішіндегі балабақшада үш жасқа дейінгі 32 бала бар. Айтпағым бұл емес, сол сотталған әйелдер Жаңа Қазақстанның депутаттарын көргілері келеді, кездесуге келсе дейді, айтар арыз-шағымдары аз емес. Заңның қарама-қайшы, кереғар тұстарын да жаттап алған. Түрменің ішкі жағдайы да оңып тұрған жоқ, бір залда 65-90 адам аралығында ұйықтайды. Күн де, түн де ыстық, кондер жоқ. Су ол жиі үзіледі. Нартай Сарсенғалиев, өзіңді күтіп жүрген әйел көп бұл жақта. Сырттағы еркіндік, бостандықтың қадірін қапаста жатқандар жақсы түсінеді.

Qazaq.today материал жариялапты. Сотталған әйелдерді түрме қызметкерлері зорлайды деп. Адвокат Айман Омарова жуырда осындай мәлімдеме жасаған. Ол Бас прокуратурадан зорлау оқиғасын түбегейлі тексеруді сұрады. Оның сөзінше, Алматы облысында әйелдерді қылмыстық-түзеу жүйесі мекемелерінің қызметкерлері  үнемі зорлап отырған. Құқық қорғаушы, тіптен түрмеде Наргиз Амраева есімді жазасын өтеуші әйелдің зорлыққа ұшырап, босанғанын да мысалмен келтірген.

Алайда, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің башылары бұл айыптаумен келіспейді. Басшылар, 570 қыз-келіншек жазасын өтеп жатқан Жауғашты түрмесіндегі әйелдермен кездесіп,  жағдайды өздерінен естіп-білуге БАҚ өкілдерін шақырды. Журналистер жазасын өтеп жатқан кез-келген әйелмен еркін тілдесіп, жағдайын сұрауға, проблемасын тыңдауға мүмкіндік алды.

Бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан екі әйел өздерін қызметкерлердің зорлағанын айтып, арызданған. Тергеу барысында ҰҚК және түрме қызметкері қамаудағы әйелдермен төсектес болғаны анықталып, олардың өздері де сотталып кеткен еді. Бұл бірнеше жыл бұрын болған оқиға болса да, адвокат Айман Омарова зорлау оқиғаларының тоқтамай тұрғанын айтып, жуырда тағы да дабыл көтерді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago