Categories: Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылық: әйелін күйеуінен кім қорғайды?

Кеше Астанада полицейлердің екі баласымен 9-қабаттан секіргісі келген әйелді құтқарып қалды. Оған итермелеген күйеуі.

Жаза-әкімшілік хаттама және ескерту, өйткені бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар. Ең ауыр шара — 15 күнге дейін қамау. Себебі, әкімшілік істе — бұл денсаулыққа жеңіл зиян-мыс.

Ал Қылмыстық Кодекс бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу 3-5 жылға бас бостандығынан айыруға кесіледі.

Қазір кез-келген тұрмыстық зорлық-зомбылық тек әкімшілік құқықпен реттеледі. Сонда, күйеуге шыққан әйелге көрсетілген қорлық — әкімшілік іс те, басқа біреу тура соны істесе қылмыс па?

Тек әйелін өлтірсе — бас бостандығынан айырады. Оның өзінде  1,5 жылға. 18 жерден пышақтап өлтірген қатыгез күйеуіне кесілген осындай жаза естеріңізде шығар.

Жыл сайын 300 мың әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Тағы 40-80 мың әйел жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.

2023 жылдың басынан бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 35 мың өтініш келіп түскен.

ІІМ Президенттің тапсырмасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын әзірледі, онда:

  • әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ертерек анықтау, дағдарыс орталықтарында агрессорлармен және құрбандармен жұмыс істеу сияқты нәрселерге назар аударады.

Бірақ бұл көмектесе ме?! Тұрмыстық зорлық — зомбылық азая ма?! Бұл жағдайды жақсартатыны сөзсіз, бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі мұнымен шешілмейді.

Басқа дамыған елдерде адамға қарсы кез келген зорлық — зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Бірақ Қазақстанда емес. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын 30 әйел қаза табады. Қатаң шаралар қабылдау үшін құрбандардың саны қандай болуы керек?!

Менің ойымша, жалғыз дұрыс шешім — әйелдерге  және балаларға қарсы кез келген зорлық-зомбылықты Қылмыстық іс бойынша қарау және жазалау,

деп жазды Қуанышбек Мұқаш
Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago