Кеше Астанада полицейлердің екі баласымен 9-қабаттан секіргісі келген әйелді құтқарып қалды. Оған итермелеген күйеуі.
Жаза-әкімшілік хаттама және ескерту, өйткені бұл отбасылық-тұрмыстық қатынастар. Ең ауыр шара — 15 күнге дейін қамау. Себебі, әкімшілік істе — бұл денсаулыққа жеңіл зиян-мыс.
Ал Қылмыстық Кодекс бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу 3-5 жылға бас бостандығынан айыруға кесіледі.
Қазір кез-келген тұрмыстық зорлық-зомбылық тек әкімшілік құқықпен реттеледі. Сонда, күйеуге шыққан әйелге көрсетілген қорлық — әкімшілік іс те, басқа біреу тура соны істесе қылмыс па?
Тек әйелін өлтірсе — бас бостандығынан айырады. Оның өзінде 1,5 жылға. 18 жерден пышақтап өлтірген қатыгез күйеуіне кесілген осындай жаза естеріңізде шығар.
Жыл сайын 300 мың әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Тағы 40-80 мың әйел жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.
2023 жылдың басынан бастап полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 35 мың өтініш келіп түскен.
ІІМ Президенттің тапсырмасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын әзірледі, онда:
- әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ертерек анықтау, дағдарыс орталықтарында агрессорлармен және құрбандармен жұмыс істеу сияқты нәрселерге назар аударады.
Бірақ бұл көмектесе ме?! Тұрмыстық зорлық — зомбылық азая ма?! Бұл жағдайды жақсартатыны сөзсіз, бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі мұнымен шешілмейді.
Басқа дамыған елдерде адамға қарсы кез келген зорлық — зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Бірақ Қазақстанда емес. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жыл сайын 30 әйел қаза табады. Қатаң шаралар қабылдау үшін құрбандардың саны қандай болуы керек?!
Менің ойымша, жалғыз дұрыс шешім — әйелдерге және балаларға қарсы кез келген зорлық-зомбылықты Қылмыстық іс бойынша қарау және жазалау,
деп жазды Қуанышбек Мұқаш