Қоғам

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі исламданумен тікелей байланысты – Азат Перуашев

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев қазақстандық әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзімділік танытуының себептерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мына нәрсені айта кеткен жөн. Ер адам ұрып-соқса, 15 күнге қамауға алып кетеді. Алайда әйелінің өзі оған ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, босатуды сұрайды,

деді Азат Перуашев.

Оның пікірінше, қазіргі ұрпақ тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде дұрыс ойланбайды.

Бұл жерде әңгіме дәстүрлі және отбасылық құндылықтар туралы емес. 20-30 жыл бұрынғы ұрпақтың қарым-қатынасқа деген көзқарасы озық болды. Қазіргі тұрмыстық зорлық-зомбылық себептері бізге жат нәрселерді таңып жатқан исламданумен тығыз байланысты. Зайырлы өмір салты мен заңдарға бағынбай, керісінше имамға жүгінеді. Бұл дұрыс емес. Зайырлы мемлекет болғымыз келсе, заңға бағынуымыз керек,

деді депутат.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago