17 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматы облысы шынымен де атом электр станциясы салынатын орын ретінде қарастырып отырғанын растады.
Ал бұл – сейсмикалық белсенді аймақ.
Сонымен қатар Скляр бұл шешім әлі нақты емес екенін және қазір еліміздегі бірінші АЭС жобасы әзірше тек талқыланып жатқанын айтты.
«Егер техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бұл аймақта салу қауіпті екенін көрсетсе, онда басқа орын таңдалады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, тек орын таңдау мәселесі талқыланып жатыр. ТЭН әлі әзірленген жоқ, сол себепті бұл сұраққа әлі ерте», — деп жауап берді Скляр.