Тұңғышбай Жаманқұлов: 15 күндей жындыханада жаттым

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында 15 күндей жындыханада жатқанын айтты. Актер қатты күйзеліске ұшырап, соңында жүйке ауруын емдейтін бөлімшеден бір-ақ шыққан.

«Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Жасырғаным болса, «өзіңе де сол керек» дейтін едім. Ал жала жабылғанда «не жаздым» деп қапаландым. Қатты ауырдым, қиналдым, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің күйзелгенімді көріп, терапиядан жүйке ауруын емдейтін бөлімге ауыстырды. 15 күндей жындыханада жаттым. Мені емделіп жатқан кезде де тергеді. Маған қысым көрсетіп, көп нәрсені мойындатпақ болды», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сондай-ақ, актер бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тұрған кезіндегі алаяқтық істерін де жасырмай баяндады.

“Мен – академияға келген білімгерлерді қабылдайтын бөлімнің жетекшісімін. Оқуға келген абитуриенттер саны көп. Бір орынға елу адамдай таласады. Сонда маған “грантқа ілінуі тиіс” деп 11 адамның тізімін берді. Мен мұнша баланы ала алмаймын, үлкен, сыйлы адамдар сұраған болар, ары кетсе, екі баланы алайын дедім. Сөйтіп түнделетіп емтиханымды аяқтап келе жатсам, “Сен неге менің айтқанымды орындамайсың?” деп хабарласып тұр. Мен жағдайды түсіндірдім. Уәде берген екі адамды алдым, тізімдегі балалар көңілімнен шықпады, ертең ұят болатынын айттым. Сөйтсем, мені тыңдамайды. “Мені сен құртамын, шығарып жіберемін. Сен кімсің сонша?” дейді ректор. Содан соң мен де: “Біріншіден, маған “сен” деп сөйлейсің.

Екіншіден, мен сенің басыбайлы құлыңмын ба? Мен Қазақстанның Халық әртісі, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов деген ағаңмын. Дікіңдемей сөз тыңдасайшы” десем, қоймайды. “Мен сенің орныңа басқа біреуді аламын” деді. Мен де эмоцияның адамымын. Телефонның арғы жағынан «Кетші бар на …» дедім. Ертеңгі күні жағдайды түсіндірмек болып академияға бардым. Ректор әлі келмепті. Бір уақытта көліктен түсіп жатыр екен. Мен болған жағдай туралы түсінісейік деп ұсыныс айттым. Өзімді кіргізбей қойды. Бірге кіріп, кабинетіңде сөйлесейік дедім. Амандық-саулық жоқ, маған бір, аналарға бір қарады да: “Мынаны кіргізбеңдер” деді. Тағы шымкентше бір боқтадым да кетіп қалдым”,

деді актер ағынан жарылып.

Актер мен Арыстанбек Мұхамедиұлы арасындағы текетірес осылайша басталған. Тұңғышбай Жаманқұловтың айтуынша, ол министр болған соң актер түсірмек болған фильмдерді тоқтатып, қаржы бөлмей қойған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago