Америкаға қайықпен: Чукотканың екі тұрғыны соғысқа бармас үшін теңізді жүзіп өтті

Путин Украинамен соғысқа жұмылдыру жариялағаннан кейін, Чукотканың екі тұрғыны балық аулайтын қайықпен Алясканы жүзіп өтіп, АҚШ-тан саяси баспана сұраған. АҚШ-та олар түрмеге тоғытылды, алайда жақында кепіл құнына босатылды. Америка билігі оларға саяси баспана беру туралы өтінішін қарастырып жатқанда, Славян христиан орталығы қашқындарға көмектесіп жатыр. Би-Би-си екі кейіпкердің бастан кешкен шытырман оқиғасы туралы айтып берді.

5 қазанда балықшылар қайығы Қасиетті Лаврентий аралындағы Гэмбелл ауылының жағасына келіп тоқтайды. Беринг теңізіндегі арал Аляска штатының бөлігі болып табылады, дегенмен ол америкалық материкке қарағанда Чукоткаға жақын орналасқан. Бүкіл аралда 1200-ден астам адам тұрады.

Қайықтан дымқыл қара малтатасқа камуфляж куртка мен резеңке етік киген екі адам түседі. Жергілікті тұрғындар бейтаныс адамдармен тек Google Translate арқылы сөйлесе алады: ер адамдар Ресейден «Ресей әскери күштерінен» қашып, саяси баспана іздеп келгендерін түсіндірген.

Гэмбелл тұрғындары қонақтарды пиццамен тамақтандырып, «Америкаға қош келдіңіздер, енді қауіпсіз ортадасыздар» деп құттықтайды.

Жұмылдырудан қашқандар – 52 жастағы Сергей Нечаев пен 45 жастағы Максим Теюнаут болып шықты, Чукоткада теңіз жағасында орналасқан Эгвекинот ауылының тұрғындары. Олар жұмылдыру басталғаннан кейін Америкаға теңіз арқылы жетуге шешім қабылдаған.

Гэмбелл ауылы

Үкіметтен қорыққаны сонша, өз өмірлерін қатерге тіккен

Сол күндері олардың қашуы негізінен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қысқаша жаңалықтарында шығып жатты: «Ресейден қайықпен жүзіп келген екі шетелдік ұсталды». Бірақ саяхат әлдеқайда қиын және қорқынышты болған. Кейінірек ресейліктер ауылдағы барлық адамға соғысқа шақырту қағаздары келе бастағаннан кейін осындай шешім қабылдағандарын айтқан.

Эгвекинот Беринг теңізіндегі шығанақтың жағасында орналасқан, бірақ түбектің ең шығыс нүктесінде емес. Сондықтан Нечаев пен Теюнаут бірнеше күн бойы Чукотканың жағасында телефондарын сөндіріп қойып жүзген: шекарашылар көріп қоя ма деп қорыққан. Түнде олар жағалауда лагерь құрады. Ақыры Беринг теңізі арқылы жүзуге шешім қабылдағанда, қашқындар дауылға ұшырап, Ресей жағалауына оралуға мәжбүр болады.

Теңізді кесіп өтудің екінші әрекеті кезінде дауыл қайтадан басталады, бірақ ер адамдар Америкаға қарай жүзе беруді шешеді. Максим Теюнаут – тәжірибелі балықшы, оның Инстаграмы қайықта түсірілген фотосуреттермен және жаңа ауланған балықтардың суреттерімен толтырылған. Максимнің шеберлігінің арқасында аман қалдық, деді Нечаев сұхбатында.

Максим Теюнаут

Кейіпкерлердің шытырман оқиғасы мұнымен аяқталған жоқ. Жергілікті билік олардың келгені туралы жағалау күзетін хабардар етеді, ал олар заңсыз ресейліктерді ауылдан алып кетеді. Қасиетті Лаврентий аралынан олар материкке ұшақпен жеткізілді және келесі үш айды АҚШ-тың батыс жағалауындағы Вашингтон штатындағы Такома қаласында көші-қон түрмесінде өткізеді. «Күріш пен бұршақпен қана жедік», деп шағымданды ресейліктер The Economist журналына берген сұхбатында. Есесіне түрме кітапханасында орыс тіліндегі кітаптарды, негізінен XIX ғасырдың классиктерін оқыған.

Соңында олармен Аляска штатының сенаторы Лиза Меркауски сөйлесті. Олар «өз үкіметінен қорыққаны сонша, өз өмірлерін қатерге тігіп, ашық теңізді 15 футтық қайықпен жүзіп өтті. Бұл көп нәрсені айтады», — деді ол журналистерге.

Оның айтуынша, босқындар оған Сібірдің байырғы тұрғындарына жататындығын түсіндірген. «Олар Путин ұлттық азшылықтар, яғни байырғы халықтар тұратын ауылдық қауымдастықтарды бірінші кезекте таңдағанын (жұмылдыруға) айтты», — деді сенатор.

Сергей Нечаев журналистерге ауылында әскери комиссариаттан шақырту келмеген ер адамдар кемде-кем екенін жеткізген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

5 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago