Хожентте «жын шығаратын» молда әйелдерге тиісіп келген деген күдікпен қамауға алынды.
Бұл жөнінде Тәжікстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, 68 жастағы Абдували Набиев діни және медициналық білімі болмаса да, «емшілікпен» әуестенген.
Ол дем салу және массаж арқылы «жындарды қуып», әйелдерді «емдеген» екен.
Биыл 5 қазанда оған басы ауырған жергілікті тұрғын келген. Молда оған дем салып, одан соң «жын шығару» сеансынан өтуің тиіс деген. Келіншек келісіп, қайта келгенде, оған массаж жасап, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған.
Екінші сессиядан кейін молда әйелге «емделуді» үйінде жалғастыруды ұсынған. Ол келісіп, бірақ өзімен бірге полиция шақырды. Набиев белгіленген жерге келіп, «емдеуді» бастаған кезде ұсталған. Ол сексуалдық әрекеттері үшін айыпталып жатыр. Бұл бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.