Таиландта демалыс кезінде суға батқан қазақстандық Артур Ысқақов көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
24 жастағы жігіттің жан тапсырғаны туралы әпкесі әлеуметтік желілерде айтты. Қазақстандық есін жимай, қаза тапты.
«Артур енді бізбен бірге емес», – деп жазды қыз.
Артурдың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі.
Осыған дейін Таиландқа демалуға барған Артур Ысқақов жұбайын құтқармақ болған кезде суға батып, ауыр халде ауруханаға жатқаны хабарланды.
Қазақстандық азамат Таиландта қатты толқын кезінде жұбайын құтқарамын деп суға батып, ауыр қалге түскен. Оның туыстары Сыртқы істер министрлігінен азаматты елге жеткізуге көмек сұраған болатын. Алайда, азамат есін жимастан жан тапсырды.