Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Тайвань: АҚШ пен Қытай текетіресі
Маңызды

Тайвань: АҚШ пен Қытай текетіресі

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 02.08.2022
Обновлено 03.08.2022 в 10:08
Поделиться
BEIJING, CHINA - DECEMBER 04: Chinese President Xi Jinping (R) shake hands with U.S Vice President Joe Biden (L) inside the Great Hall of the People on December 4, 2013 in Beijing, China. U.S Vice President Joe Biden will pay an official visit to China from December 4 to 5. (Photo by Lintao Zhang/Getty Images)
Поделиться

АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея және Жапонияға сапары барысында Тайваньға да «соға кететіні» туралы жаңалық әлемді дүрліктіріп қойды. Әсіресе Қытай билігінің ашуын тудырды. Сапар іске асқан жағдайда соңы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті. Неліктен ықпалды америкалық саясаткердің Тайваньға сапары геосаяси проблемаға айналуы мүмкін?

Мазмұны
Пелоси не үшін Тайваньға бармақшы?Қытай неден қорқып отыр?Тайваньға Пелосидің келгені несімен пайдалы?АҚШ билігі не дейді?

Бейжің Тайваньды Қытайдың жері деп санайды, алайда арал мен оның үкіметін ресми түрде бақыламайды. Пелоси Тайваньға келетін болса, онда ол 1997 жылдан бері аралға келген АҚШ-тың ең жоғары дәрежелі саясаткері болады.

Қытай СІМ Пелосидің сапарын Қытайдың егемендігіне қол сұғу деп бағалап отыр және АҚШ бұл үшін жауап береді дейді.

Пелоси не үшін Тайваньға бармақшы?

Нэнси Пелоси Конгрестегі 35 жылдық мансабында Қытайды әрдайым сынға алып келеді. Ол Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуын айыптады, қытайлық диссиденттермен кездесті, 1989 жылы наразылық білдірушілерден өлім құрбандарын еске алу үшін Тяньаньмэнь алаңына барды.

Пелоси бастапқыда Тайваньға 2022 жылдың сәуірінде бармақ болған, бірақ коронавирус анықталғаннан кейін сапарын кейінге қалдырды. Пелоси сапардың егжей-тегжейін талқылаудан бас тартты, бірақ өткен аптада «Тайваньға қолдау көрсету маңызды» деп мәлімдеді.

Нэнси Пелоси

Тайвань билігі Қытайды аралға қарсы әскери арандатушылық жасады деп үнемі айыптайды. Украинадағы соғыстың басталуымен жағдай одан әрі ушығып кетті, тіпті бірқатар сарапшылар ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин президент Владимир Путиннен үлгі алып, Қытайдың билігін мойындауы үшін аралда «азаттық операциясын» бастайды деп болжады.

ҚХР қауіп-қатері жағдайында Тайвань қорғанысын күшейте бастады. Аралда және Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери жаттығулар Бейжіңге Тайвань әскерінің дайындығын көрсетуге бағытталған. Оларға құрлық әскерлері, авиация және флот кіреді. Жойғыштардың біріне Тайвань президенті Цай Инвэнь де көтеріліп көрді. Ол сондай-ақ өз елі мен Украинадағы жағдай арасында параллель келтірді.

Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы бізге авторитарлық режим басқа мемлекеттердің егемендігін бұзудан тартынбайтынын көрсетті. Бұл режимдер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп, бізден ұйымдасқан шараларды талап етеді,

деді Тайвань президенті Цай Инвэнь.
Цай Инвэнь

Тайваньның демократиялық жолмен сайланған үкіметі Қытайдың шағымдарына жауап ретінде аралдың 23 миллион тұрғыны өз болашағын өзі шешеді және әскери шабуыл болған жағдайда өздерін қорғауға дайын дейді.

Қытай неден қорқып отыр?

Бейжің Тайваньды өзінің аумағы деп санайды және қажет болған жағдайда оны аннексиялаумен бірнеше рет қорқытқан. Тайбэй мен Вашингтон арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың өсіп жатқанына Қытайдың ресми тұлғалары бұған дейін де бірнеше рет ашуланған.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицян егер Нэнси Пелоси Тайваньға келсе, ел қатаң шаралар қабылдайтынын ескертті.

Ал Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі әскери жауап болатынын жоққа шығармады. Мысалы, Тайвань үстінен ұшпайтын аймақ құру және тіпті толық масштабты десанттық операциясын жүргізу.

Егер америкалық тарап айтқанынан қайтпаса, Қытай әскери күштері қол қусырып отырмайды және сепаратистердің Тайваньның сыртқы күштердің көмегімен тәуелсіздіке қол жеткізу әрекеттеріне қатаң шаралар қолданады,

деді полковник Тан Кефей China Daily газетіне.

Тайваньға Пелосидің келгені несімен пайдалы?

Тайвань АҚШ-тан, Еуропадан және Азиядан келген барлық шетелдік жоғары лауазымды тұлғаларды қуана қарсы алады, олардың сапарын Қытайдан қорғанудың ықтимал кепілі ретінде пайдаланады.

Алайда Тайвань мұндай сапарларға ұстамдылық көрсетеді, бұл елдің маңызды экономикалық серіктесі болып қала беретін Қытаймен қақтығыстың ушығуын туғызғысы келмейді. Сонымен қатар, материктік Қытайда миллионға жуық тайваньдықтар тұрады.

Тайвань жұртшылығы Қытайдың бірігу туралы талаптарын мүлдем қабылдамайды, бірақ аралдың қарулы күштері АҚШ-тың көмегінсіз Қытай агрессиясынан қорғану қабілеті өте күмәнді, сондықтан арал билігі Вашингтонмен қарым-қатынасты нығайтып, қару алу мүмкіндігін қажет етеді.

Тайваньдағы әскери дайындық

АҚШ билігі не дейді?

Қытайдың ескертулеріне Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер жауап берді. Оның айтуынша, текетіреске ешқандай себеп жоқ. Джо Байден «бір Қытай» саясатын ұстанатынын мәлімдеді және Қытайды «қару-жарақ шығарудан» аулақ болуға шақырды.

Ақ үйдің тағы бір өкілі Джон Кирбидің айтуынша, Нэнси Пелосидің Тайваньға бару жоспары Вашингтонның аралға қатысты саясаты өзгергенін көрсетпейді.

Сондай-ақ, ол Қытайдың шенеуніктің ықтимал сапарын агрессияға сылтау етіп пайдалануға еш негіз жоқ деп есептейді.

АҚШ Тайваньға қолдау көрсетуді жалғастырады, ал біз Бейжіңмен байланыс арналарын ашық ұстауға тырысамыз,  

деді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық байланыс үйлестірушісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Пелоси Тайваньға барса, Бейжің жауапкершілікпен әрекет етіп, шиеленіс тудырмауы керек екенін айтты.

Егер спикер келуге шешім қабылдаса және Қытай қандай да бір дағдарыс тудыруға немесе шиеленісті күшейтуге тырысса, жауапкершілік Бейжіңде болады,

деді Блинкен журналистерге.

Ол Пелоси аралға бару-бармауын өзі шешетінін атап өтті, өйткені Конгресс тәуелсіз құрылым. Блинкеннің айтуынша, АҚШ заңгерлері Тайваньға бұрын да барған.

Ресми дипломатиялық байланыстардың болмауына қарамастан, Вашингтон Тайваньмен «берік бейресми қатынасты» ұстанады және оған әскери-техникалық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ АҚШ Тайваньды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындамайды.

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 02.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?