Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Айта кетейік, бұл қызметке Әсет Масабаев 2022 жылдың 4 наурызында тағайындалған болатын.
38 жастағы әкім денсаулығына байланысты қызметтен кетуі мүмкін. Өйткені ол мамыр айында денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөліміне түскен еді.