Баланың шыңғырған дауысын еден жуушылар естіген.
Orda.kz Талдықорғандағы «Ай Сер» қонақ үйінде түсірілген бір видео жариялады. Видеода спорттық костюм киген азаматтан холдан асықпай түсіп келе жатады. Кадр сыртында сөйлеп тұрған әйел оған қонақ үйдің мейрамханасына өтуді бұйырады. Сосын Әсет деген жігітті көмекке шақырады.
Әйел ер адамға: «Бұл бала туысыңыз емес, не үшін мейрамханаға кірдіңіз?» деп сұрайды. Әйел оқушының ол адамды танымайтынын айтады. Ал ер адам жаттықтырушысы екенін айтады. Сосын әйел 102-ге хабарласып, полиция шақырғанын жеткізеді.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам оның алдында 14 жастағы жасөспіріммен қонақ үйдегі нөміріне көтерілген. Еден жуушылар шыңғырған дауысты естіп, қонақ үйдің әкімшісіне хабар берген. Сосын ол полиция шақырған.