Categories: Оқиға

Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып өлтірген қыз 10 жылға сотталды

Талдықорғанда үш жасар баланың өліміне себепші болды деп айыпталған 24 жастағы қызға қатысты жабық сот отырысы өтті.

2022 жылдың қыркүйек айында Талдықорған тұрғындарын “күтушісі ұрып өлтірді” деген үш жасар баланың өлімінің мән-жайы алаңдатқан болатын. Кейін қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде күтуші әйелдің өзі емес, оның 23 жастағы қызы екені белгілі болды. Қоғамда наразылық тудырған фактіні ескере отырып, тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды.

Жетісу облысының полиция департаменті тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сотталушыға үкім шығарылды, сот шешімі апелляциялық сатыда қаралып жатқандықтан заңды күшіне енген жоқ.

Жеңілдететін мән-жайлар – соттылығының жоқтығын, шын жүректен өкінгенін, жәбірленушінің кешірім бергенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады, 

деді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago