Әлеуметтік желіде Талдықорғандағы қазандықтың жарылған сәтінің видеосы жарияланды.
Талдықорған қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс сағат 12:55-те Жетісу шағынауданында болған. Зардап шеккендер жоқ.
№1 қазандықтың екі қабатты ғимаратында жылыту қазандығы жарылып, терезе шағылды. Оқиға кезінде бір ғана қазандық жұмыс істеп тұрған. Қазір резервтегі қазандық іске қосылып жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Ауа температурасы -11 градус. Жылу магистралінде 52 градус. жұмыс температурасы «бір сағат ішінде қалпына келтіріледі»,
делінген хабарламада.